2013 жылы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы N 13/12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 сәуірде N 2242 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы N 9.2.1.29/08 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 15.01.2014 N 9.2.1.29/08 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына, Қызылжар ауданы әкімінің мәлімделген қажеттілігін есепке алумен сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар аудандық мәслихат                 Қызылжар аудандық
      сессиясының төрағасы                       мәслихат хатшысы
      З. Баялин                                  А. Молдахметова

      КЕЛIСIЛГЕН:

      «Қызылжар аудандық
      ауыл шаруашылық және
      ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы                        Ө. Омаров

      «Қызылжар аудандық
      экономика және бюджеттiк
      жоспарлау бөлiмi»
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы            А. Фролова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады