Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Тайынша ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы N 28 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 желтоқсанда N 2425 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 19 наурыздағы N 12.1.7-1/518 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының 19.03.2015 N 12.1.7-1/518 хаты).
      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Алданазарова Жанар Ермекқызына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының әкімі

С. Салтықов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының
      қорғаныс істер жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      2013 жыл 6 желтоқсан

Т. Тұрабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады