Атырау облысы Махамбет ауданының Бейбарыс селолық округінің Қызылжар елді мекенін тарату туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 09 желтоқсандағы № 200-V шешімі және Атырау облыс әкімдігінің 2013 жылғы 06 желтоқсандағы № 436 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда № 2840 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 62737-баптарына сәйкес, Атырау облысы Махамбет ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХIХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс селолық округінің Қызылжар елді мекені таратылсын.
      2. Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс селолық округінің Бейбарыс селосының шекарасы өзгертіліп, оның аумағына таратылған Атырау облысы Махамбет ауданының Бейбарыс селолық округінің Қызылжар елді мекені енгізілсін.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Сессия төрағасы
      Б. Ізмұхамбетов                            Д. Құлжанов

      Мәслихат хатшысы                           С. Лұқпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады