Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 2 және № 18 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 936 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 қыркүйекте № 2779 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1350 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 26.12.2013 № 1350 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 2 және № 18 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының  басшысы Б. Құсниевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы            Ж. Қарағаев

КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)         А. Абдолов
12.09.2013 ж.

Қалалық әкiмдіктің   
2013 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 936 қаулысына қосымша

Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 2 және № 18 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Орналасқан жері

1

Дамбы селолық округi, Амангелдi селосы, Аманкелді Иманов көшесі, № 15 үй мекен-жайында орналасқан "Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына қарасты Дамбы селолық Мәдениет үйi маңындағы стенд

2

Кеңөзек селолық округi, Тасқала селосы, Ерсұлтан Молдашев көшесiнде орналасқан № 24 үй мекен-жайында орналасқан "Айзере" дүкенi маңындағы стенд

3

Геолог селолық округі, Геолог селосы, 65А үй мекен-жайында орналасқан кітапхана ғимараты маңындағы стенд

4

Қайыршақты селолық округi, Томарлы селосы, Колхоз көшесiнде орналасқан № 2 үй, "Iңкәр" дүкенi маңындағы стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады