Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 366 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 2754 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 19.10.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.

      2. "Жылыой ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Жылыой ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә. Шәкіровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ізбасов
      Келісілді:
Жылыой аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
22 шілде 2013 жыл
З. Қалмұқанова

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 366 қаулысына қосымша

Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Елді мекен

Орналасатын жері

1

Құлсары қаласы

"№ 15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд

"№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд

2

Жаңа Қаратон поселкесі

"№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд

3

Тұрғызба селосы

"№ 4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд

4

Шоқпартоғай селосы

"№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд

5

Қосшағыл селосы

"№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд

6

Ақкиізтоғай селосы

"№ 10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд

7

Майкөмген селосы

"№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады