Жылыой аудандық мәслихат депутаттығына № 6 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 493 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 09 қазанда № 2782 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 582 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 13.11.2014 № 582 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулынының қосымшасына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Жылыой ауданы № 6 сайлау округі бойынша Жылыой аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. "Жылыой ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының Жылыой ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә. Шәкіровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           Ж. Ахметов

Келісілді:
Жылыой аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы                           З. Қалмұханова
24.09.2013 жыл

Жылыой ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 24 кыркүйектегі
№ 493 қаулысына қосымша

Жылыой аудандық мәслихат депутаттығына № 6 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны

Елді мекен

Орналасатын жер

1

Құлсары қаласы

"№ 13 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады