Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 106-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 06 мамырда № 2721 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 184-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 19.03.2014 № 184-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183-V "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 56-V "Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Исатай аудандық мәслихатының халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.
      3. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі № 53-V "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылы 2 тамызда № 4-4-202 санымен тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінің 2012 жылғы 9 тамыздағы № 32 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХI сессиясы төрағасы                   А. Сидеғалиев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ж. Қадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады