Исатай ауданы бойынша селолық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 136 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 2752 тіркелді. Күші жойылды - Исатай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 153 қаулымен

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай аудандық әкімдігінің 2013.08.15 № 153 қаулымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып және 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағы негізінде, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Исатай ауданы бойынша селолық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. "Исатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Исатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Мусинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Исатай ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Ожаев

КЕЛІСІЛДІ:
Исатай аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы                           Б. Қарабаев
2013 жылғы 22 шілде

Исатай ауданы әкімдігінің 
2013 жылғы 22 шілдедегі № 136
қаулысына қосымша    

Исатай ауданы бойынша селолық округтер әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Селолық округ атауы

Орналасқан жері

1

Аққыстау

Е. Қазақстан көшесінде орналасқан ақпараттық тақта

2

Қамысқала

Бақсай көшесі мен И. Шөкетаев көшесінің қиылысындағы ақпараттық тақта

3

Тұщықұдық

Ғ. Рамазанов көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта

4

Жанбай

З. Құрасұлы көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта

5

Нарын

Болат жол көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта

6

Забурын

Жастар көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта

7

Исатай

И. Тайманов көшесінің бойында орналасқан ақпараттық тақта

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады