"Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы N 1297 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 ақпанда N 2879 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 487 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 04.12.2014 № 487 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңының 11 бабының 1 тармағына, 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2691 нөмірімен тіркелді, «Менің өлкем» облыстық газетінде 2012 жылғы 18 қазанда 42 (94) нөмірінде жарияланды) 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1173 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      Аталған қаулының 3 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толық мемлекеттің қарауындағы мүгедек балалардан басқа) үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-анасының біріне және олардың басқа да заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз түрде берілсін».
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары С. Ш. Әзімхановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Курчатов қаласының әкімі

А. ГЕНРИХ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады