"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-ІV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 ақпандағы N 11/78-V шешімі. Шығыс қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылдың 27 наурызында N 2917 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 24/191-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.09.2018 № 24/191-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабы 2 тармағына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-ІV шешімге (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-94 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Бұл шешімнің "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі" атты қосымшасындағы:

      "Жалпы ережелер" атты 1-бөлімінің 2-тармағы келесі мазмұндағы 5 азат жолымен толықтырылсын:

      "жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі";

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" атты 2-бөлімінде:

      4-тармақ келесі мазмұндағы 10 азат жолымен толықтырылсын:

      "жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот";

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Электрмен қамту, тұрғын үйді ұстау бойынша шығындар жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері-есептері бойынша есептеледі. Жылумен қамту, сумен қамту, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтерінің шығындары қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын-үй жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын-үй көмегі бюджет қаражаты есебінен алынады.";

      "Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері" атты 3-бөлімінің 17-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, жеке алғанда телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюына, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына арналған, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын-үй жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеудегі шығындары мен жергілікті өкілді органдар белгілеген нормалар және шекті-рұқсат етілген деңгейдегі шектерде отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының арасындағы айырма ретінде айқындалады.".

      2. Осы шешімнің 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін "Жалпы ережелер" атты 1-бөлімінің 2-тармағы 5 азат жолын, "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" атты 2-бөлімінің 4-тармағы 10 азат жолын, сондай-ақ "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" атты 2-бөлімінің 11-тармағы мен "Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері" атты 3-бөлімінің 17-тармағының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Х. Түсіпбаев



Курчатов қалалық


мәслихатының хатшысы

Г. Қарымбаева


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады