2014 жылғы Риддер қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1140 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қаңтарда № 3171 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 02.12.2014 № 1112 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 02.12.2014 № 1112 қаулысымен.
     РҚАО ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Риддер қаласының аумағында тұрып жатқан халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;
      14) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      15) 50 жастан асқан азаматтар;
      16) техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      17) .басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған, Жұмыспен қамту 2020 жол картасының қатысушылары.
      2. «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Риддер қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету қамтамасыз етілсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Теленчиновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Риддер қаласының әкімі

Ж. Мұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады