Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 15-7-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 2999 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 28-3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 19.10.2018 № 28-3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.

      Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, оның ішінде ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын ветеринарлық пункттердің ветеринария мамандарына әлеуметтік көмек 15000 (он бес мың) теңге көлемінде берілсін.

      Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде ауылдық елді мекенде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының медицина және фармацевтика жұмысшыларына коммуналдық қызметтерге және отынға кеткен шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімімен бекітілген мөлшерде төленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 27.06.2014 № 24-6-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 30.03.2018 № 20-9-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы

Д. Сәлімова



Аудандық мәслихат хатшысы

У. Майжанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады