"Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 23/190-ІV шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы N 10/82-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 наурызда N 2922 болып тіркелді. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы N 272 хаты). Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы N 272 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 25.12.2014 N 272 хаты).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 28 шілдедегі № 23/190-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-78 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 37 (7381) «Арай» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» шешімнің қосымшасындағы:
      1-тараудың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7 абзацпен толықтырылсын:
      «жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге.»;
      2-тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 10 абзацпен толықтырылсын:
      «жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны туралы түбіртек-шот.»;
      3-тараудың 18 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға,коммуналдық қызметтер және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған,жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшiн жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жеткiзушi ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.».
      2. Осы шешiмнiң 1-тармағының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 3 және 5 абзацтарын және осы шешімнің 1-тармағының 7 және 8 абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Сессия төрайымы Г. Ағажаева
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы Д. Бралинов
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады