"Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешімге толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 наурыздағы N 11-103/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 сәуірде N 2923 болып тіркелді. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихаты аппаратының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 220-03/14 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихаты аппаратының 15.12.2014 № 220-03/14 хаты).
 
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2699 нөмірімен тіркелген, "Уақыт тынысы" газетінің 2012 жылдың 18 қазанында 90-91 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
      "Жалпы ережелер" тарауындағы 2 тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.";
      "Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі" тарауындағы 5 тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.".
      2. Осы шешімнің 1-тармағының үшінші және алтыншы абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы 2012 жылдың 1 шiлдесінен бастап қолданысқа енгiзiлетiн ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы

Ә. Есенаманов

      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы

М. Бітімбаев

О внесении дополнений в решение от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 05 марта 2013 года N 11-103/V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 04 апреля 2013 года N 2923. Утратило силу (письмо аппарата Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 15 декабря 2014 года № 220-03/14)

      Сноска. Утратило силу (письмо аппарата Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 15.12.2014 № 220-03/14).
 
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Урджарского районного маслихата от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2699, опубликовано в газете "Пульс времени" 18 октября 2012 года № 90-91) следующие дополнения:
      в Правилах об оказании жилищной помощи, утвержденных указанным решением:
      раздел "Общие положения" пункт 2 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:
      "5) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.";
      раздел "Порядок назначения жилищной помощи" пункт 5 дополнить подпунктом 10) следующего содержания:
      "10) квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев третьего и шестого пункта 1 настоящего решения об оказании жилищной помощи на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, которые вводятся в действие с 1 июля 2012 года.
 
 

      Председатель сессии

А. Есенаманов

      Секретарь Урджарского
      районного маслихата

М. Бытымбаев