Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 698 "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 444 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда № 3112 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 желтоқсандағы N 403 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 03.12.2014 N 403 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, 15, 16-баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 34-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 698 "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2650 тіркелген, "Уба-Информ" газетінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 40 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесінде:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Шемонаиха ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы О. Булавкина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады