Жәнібек аудандық мәслихатының № 4 Мектеп сайлау округi бойынша шығып қалған депутатының орнына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 36 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 наурызда № 3211 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 02.04.2013 № 70 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Жәнібек ауданы мәслихатының № 4 Мектеп сайлау округi бойынша шығып қалған депутаттың орнына барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Жәнібек ауылдық округінің әкімі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды тақталармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмi аппаратының басшысы Ж. К. Абдоловқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.              Р. Қарашин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық (аумақтық) сайлау
      коммисиясының төрағасы
      _____________ Р. Қарашин
      20.02.2013 ж.

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 20 ақпандағы № 36
қаулысына қосымша

Жәнібек ауданы мәслихатының № 4 Мектеп
сайлау округi бойынша шығып қалған депутаттың
орнына барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа
материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы

Орналасатын жері

Түрі

1

Жәнібек ауылы

Орталық алаң

Тақта

2

Жәнібек ауылы

Жәнібек ауданы әкімдігінің шаруашылық

жүргізу құқығындағы "Жәнібек аудандық

ветеринариялық станциясы" мемлекеттік

коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының алды

Тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады