Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 10-3 "Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 қазандағы № 16-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қарашада № 3357 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 5-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 5-3 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 10-3 "Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3281 тіркелген, 2013 жылғы 17 мамырдағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің 2 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "2. Көрсетілген шешіммен бекітілген Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын 2 тармағының бесінші абзацын, 5 тармағының оныншы абзацын және 3 тармағының бірінші абзацының ережесін жекешелендірілген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге берілетінін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ф. Н. Савичев
      Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
А. Қ. Джанназаров

О внесении изменений в решение Теректинского районного маслихата от 28 марта 2013 года № 10-3 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Теректинском районе"

Решение Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 22 октября 2013 года № 16-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 11 ноября 2013 года № 3357. Утратило силу решением Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 22 июня 2016 года № 5-3

      Сноска. Утратило силу решением Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 22.06.2016 № 5-3 (вступает в силу с момента подписания).
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Теректинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Теректинского районного маслихата от 28 марта 2013 года № 10-3 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Теректинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3281, опубликованное 17 мая 2013 года в газете "Теректі жаңалығы-Теректинская новь") следующие изменения:
      пункт 2 решения изложить в следующей редакции:
      "2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования, за исключением абзаца пятого пункта 2, абзаца десятого пункта 5 и положения абзаца первого пункта 3 Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Теректинском районе, утвержденных указанным решением на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, которые вводятся в действие с 1 июля 2012 года и действуют до 1 января 2014 года.".
      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Председатель сессии Ф. Н. Савичев
      Исполняющий обязанности
секретаря районного маслихата
А. К. Джанназаров