Аудандық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 158 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 қыркүйекте № 3343 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес аудандық коммуналдық мүліктер жекешелендірілсін.
      2. "Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының қосымшасында көрсетілген мүліктердің жекешелендірілуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
      3. Қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А. Есалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      А. Халелов

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 158 қаулысымен
бекітілген

Жекешелендірілетін
аудандық коммуналдық мүліктер

Объектілердің атауы

Мекен-жайы

Теңгерім ұстаушы

Объектілердің жай-күйі

1

Ғимарат

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Қылышев көшесі, 105/б

"Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

қанағат-
танарлық

2

Ғимарат

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Қуантаев көшесі, 1/а

"Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

қанағат-
танарлық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады