Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестерінің жұмыс Регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 04-2-4/19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 ақпанда № 9136 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 06.01.2015 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 1598 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері туралы ережесінің 5-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестерінің жұмыс Регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Қ.А. Жапақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           А. Байменов

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 04-2-4/19     
бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінің
облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік
кеңестерінің Регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртiптiк кеңестерiнің регламенті (бұдан әрi - Регламент) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері туралы ереженің 5-1-тармағына (бұдан әрі - Ереже) іске асыру мақсатында бекітілді.
      Регламент Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестерінің (бұан әрі – Тәртіптік кеңес) отырысын өткізу және дайындау тәртібін, онда мәселелерді енгізу және қарау, сондай-ақ дауыс беру тәртібі мен басқа да ұйымдастырушылық және процедуралық мәселелерді белгілейді.
      2. Тәртіптік кеңестің қызметінің негізгі құрылымы Тәртіптік кеңестің шешімдері қабылданытын отырысы болып табылады.
      3. Тәртіптік кеңестің отырысында қаралатын мәселелер Ережемен белгіленген құзыретімен анықталады.
      4. Тәртiптiк кеңестiң жұмысшы органы Хатшылық болып табылады, ол Тәртiптiк кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

2. Тәртіптік кеңестің отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі

      5. Тәртiптiк кеңестiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде екi айда бiр рет өткiзiледi және Тәртіптік кеңес Төрағасымен (бұдан әрі - Төраға) шақырылады.
      6. Отырысты өткізуді ұйымдастыруды бақылау Тәртіптік кеңес Хатшылығының меңгерушісіне жүктеледі.
      7. Төраға Тәртіптік кеңес отырыстарының күн тәртібі мен Тәртiптiк кеңес мүшелерi немесе Хатшылық қызметкерлері қатарынан әрбір мәселелер бойынша баяндамашыларды айқындайды.
      Күн тәртібі мен шешімдер жобалары қаралатын мәселелер бойынша қорытындысыз тәртіптік кеңес мүшелеріне отырыс өткізілгенге дейін үш күн бұрын жіберіледі.
      Күн тәртібіне, қаралатын мәселелер тізбесі, баяндамашылардың аты-жөні, болған кезде тегі, күні мен уақыты, сондай-ақ отырысты өткізу орны кіреді.
      8. Тәртіптік кеңес отырысына енгізілетін ақпараттық (аналитикалық) және басқа материалдар алдын ала хатшылық меңгерушісімен немесе оны алмастыратын адаммен визаланады.
      9. Хатшылықпен отырысқа шақырылғандардың тізімі белгіленеп, сондай-ақ оларды хабарландыру жөнінде шаралар қабылданады.
      Төрағаның шешімі бойынша тәртіптік кеңестің отырысына бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері (үкіметтік емес ұйымдар) шақырылуы мүмкін.
      10. Тәртіптік кеңестің отырыстарында Төраға төрағалық етеді, Төраға болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша отырыстарда тәртіптік кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
      11. Тәртіптік кеңес отырысы ашық өткізіледі. Қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпиялаларды қозғаса, Төрағаның шешімі бойынша және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) келісім бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.
      Жабық отырыстарды өткізу құпиялылық режим талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылады.
      12. Тәртіптік кеңестің отырыстары, егер оларға тәртіптік кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда құқықты болып саналады.
      13. Тәртіптік кеңестің отырысында тәртiптiк iс, егер тәртiптiк жауаптылыққа тартылатын адамдар отырыс өткiзілгенге дейiн кемінде үш күн бұрын тиісінше хабарландырылса, олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
      14. Тәртіптік кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамада отырысқа қатысқан Тәртіптік кеңестің мүшелері, басқа да шықырылған тұлғалар, қаралған мәселелер, баяндамашылар мен өзге де сөз сөйлеушілер, баяндамалардың негізгі мазмұны (сөз сөйлеулер, ескертулер), әрбір қаралған мәселелер бойынша Тәртіптік кеңес мүшелері дауыс беруінің нәтижелері мен қабылданған шешімдері көрсетіледі.
      Хаттама тәртіптік іс бойынша іс жүргізу тілінде ресімделіп, Төрағамен, Тәртіптік кеңес мүшелерімен және Тәртіптік кеңес отырысының хатшысымен қол қойылады.
      15. Тәртіптік кеңес отырысының хаттамасы отырыс өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Тәртіптік кеңес хатшысымен ресімделіп, Тәртіптік кеңес мүшелеріне қол қою үшін жіберіледі.
      Отырыс хаттамасының көшірмесі тәртіптік іс материалдарына қоса тігіледі.
      16. Тәртіптік кеңесте мәселелерді қарау нәтижелері Тәртіптік кеңес шешімдері түрінде ресімделеді.
      Шешімдер отырысқа қатысушы Тәртіптік кеңес мүшелерiнiң жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Тәртіптік кеңес мүшелері дауыс беру кезінде қалыс қала алмайды.
      Тәртіптік кеңестің отырысында қабылданған шаралар тәртіптік іс бойынша іс жүргізу тілінде ресімделіп, Тәртіптік кеңестің төрағасымен және Хатшылық меңгерушісімен қол қойылады.
      Шешімдерде, оның қабылдауына негіз болған, Ереженің нормаларына сілтеме жасалады.
      17. Тәртіптік кеңес шешімдерінің көшірмелелері мен оған қоса берілген материалдар Тәртіптік кеңес мүшелері мен Ереженің 6 тармағының 1) тармақшасымен белгіленген тұлғаларға отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
      18. Тәртіптік істі тоқтату жағдайында Тәртіптік кеңес шешімдерінің көшірмелері тәртіптік істі қозғауға негіз болған ақпаратты жолдаған мемлекеттік органдарға жіберіледі.
      19. Тәртіптік кеңес отырысы барысында Төраға немесе хатшылық қызметкерлері Тәртіптік кеңес мүшелеріне қабылданып отырған шешімдердің заңдылық мәселесі жөнінде кеңестер береді.
      20. Отырыстың хаттамасы мен шешіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларының 46-тармағына сәйкес бір күнтізбелік жыл шегінде және отырыстарды өткізу кезектілігі тәртібімен нөмірлер беріледі. Тәртіптік кеңес отырыстарының хаттамалары мен оған қоса берілген құжаттар Хатшылықта сақталып, уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа тапсырылады.
      Аталған құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысына сәйкес анықталады.

3. Тәртіптік істерді қозғау және
Тәртіптік кеңес шешімдерін дайындау тәртібі

      21. Тәртіптік істер шешімдерді дайындау Тәртіптік кеңес хатшылығымен іске асырылады.
      22. Құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың, Агенттіктің хабарламалары, Агенттіктің аумақтық органдарының тексеру нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, Хатшылық қызметкерлерінің қызметтік жазбахаттары түріндегі, тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен қызмет этикасын Ереженiң 3-тармағында көрсетілген адамдармен бұзғаны туралы мәліметтер Тәртіптік істі қозғауға негіз болып табылады.
      23. Қаралуы Тәртіптік кеңестің құзыретіне кірмейтін құқық қорғау немесе басқа мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан материалдар мен мәліметтер жіберілген жағдайда Төраға үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тұлғалардың теріс қылық жасағаны туралы мәліметтер мен материалдарды қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органға немесе құзыретіне сәйкес тиісті лауазымды адамға жібереді және ол жөнінде Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында хабардар етеді.
      24. Ереженiң 3-тармағында көрсетілген адамдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен мемлекеттiк қызметшілердiң Ар-намыс кодексін бұзғаны туралы құқық қорғау немесе басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтер мен материалдар бойынша шешімдерді Тәртіптік кеңестің отырысында қараусыз қабылдауға жол берілмейді.
      Ереженiң 3-тармағында көрсетілген адамдарға жатпайтын қызметшілерге қатысты материалдар түскен жағдайда құқық қорғау органдары мен басқа мемлекетік органдарға материалдар тәртіптік істі қозғаусыз қайтарылады.
      25. Тәртіптік іс Төрағаның шешімі бойынша қозғалады және Агенттіктің аумақтық орган басшысының немесе оны алмастыратын адамның жеке бұйрығымен құқық бұзушылық жасаған әрбір тұлғаға, материалдар түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді.
      26. Тәртiптiк iс Тәртіптік кеңес отырысында тәртіптік іс қозғау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш апта ішінде қаралуға тиiс.
      Тәртіптік іс қызметшінің уақытша еңбекке жарамсыздығы, оның демалыста немесе іссапарда болу кезеңінде тоқтатыла тұрады.
      Тәртіптік істі тоқтату және қайтадан бастау Тәртіптік кеңестің шешімі негізінде іске асырылады.
      27. Тәртіптік істі Тәртіптік кеңестің отырысында қарағанға дейін Тәртiптiк кеңес Хатшылығымен алдын-ала тексеру немесе қызметтік тексеру жүргiзiліп, оның барысында iске қатысы бар мән-жайлар мен мәлiметтер зерделенедi, тәртiптiк жауаптылыққа тартылатын адамдардан жазбаша түсiнiктемелер талап етiледi.
      Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, қызметтік тексеру Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      28. Тәртіптік іс бойынша тексеру немесе қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін Хатшылық тәртіптік іс қозғалған лауазымды адам туралы, ақпарат дереккөзі, құқық бұзушылықтың мәні, құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын немесе жоққа шығаратын материалдар туралы мәліметтер көрсетілген Тәртіптік кеңес шешімін дайындайды.
      Хатшылық, қызметтік тексеру немесе тексеру жүргізілген тұлғаға, оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде қол қою арқылы таныстыруға тиіс, оған қызметтік тексеру рәсіміне өзінің қатысу құқығы беріледі.
      Шешімде қаралған мәселе бойынша Тәртіптік кеңестің ұсыныстары көрсетілмейді.
      29. Шешімдер отырысқа дейін кем дегенде үш күн бұрын Тәртіптік кеңес мүшелеріне танысу үшін жолданады.

4. Тәртіптік кеңес ұсыныстарының орындалуын бақылау

      30. Ереженің 3-тармағында көрсетілген адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Тәртіптік кеңестің ұсынысы, мемлекеттік органға немесе Ереженің 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
      Ұсынысты қараудың қорытындысы және қабылданған шаралар туралы Тәртіптік кеңеске ұсыныс қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
      31. Хатшылық өткен отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы жөнінде Тәртіптік кеңесті хабарлайды.
      32. Тәртіптік кеңестің ұсынысы негізсіз орындалмаған жағдайда Хатшылық жоғары тұрған мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға тиісті адамдардың жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдау үшін Тәртіптік кеңес отырысына ақпарат дайындайды.
      33. Тәртіптік кеңес ұсыныстарының орындалуын бақылау Тәртіптік кеңестің Төрағасына жүктеледі.

5. Қорытынды ережелер

      34. Мемлекеттік құпиялары мен заңмен қорғалатын құпиялары барлардан басқа Тәртіптік кеңес қабылдаған шешімдермен мүдделі адамдарға танысуға рұқсат беру Хатшылықпен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады