"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 ақпанда № 9174 тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 (Нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6283 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 қарашадағы № 310 - 311 (26371 – 26372) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесінде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Ресми сұрау салуға жауап дайындау барысында жауапты бөлімше қажетті ақпаратты қызметінің мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық деректер қорын қалыптастыру және жүргізу болып табылатын «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі – «АЕО» РМК) сұратады және алады.»
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Қарастыру үшін «АЕО» РМК-дан ақпарат алуды талап етпейтін ресми сұрау салулар 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.»
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. «АЕО» РМК-дан ақпарат алуды талап ететін ресми сұрау салулар 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.»
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаменті Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін;
      3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          А. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады