"Құрылыс индустриясы" саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2014 жылғы 10 ақпандағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 наурызда № 9198 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 629 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 629 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-4 бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріп отырған «Құрылыс индустриясы» саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықты орындауды бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрінің міндетін атқарушы                            А. Рау

Қазақстан Республикасы      
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2014 жылғы 10 ақпандағы     
№ 32 бұйрығымен бекітілді   

«Құрылыс индустриясы» саласындағы салалық біліктілік шеңбері

1. Жалпы ережелер

      1. «Құрылыс индустриясы» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі- СБШ) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестендірілген біліктілік деңгейлерді қамтиды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8022 тіркелген).
      2. СБШ бірыңғай біліктілік деңгейлер межесін анықтайды, біліктіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және кәсіби стандарттар үшін және құрылыс индустриясы саласы мамандары біліктілігінің сәйкестігі мен берілгенін растайтын жүйеге негіз болып табылады.
      3. СБШ пайдаланушылардың әр топтарына арналған (жұмыс беруші, білім беру және азаматтарға):
      1) кәсіби және білім стандарттарын әзірлеу кезінде барлық білім беру деңгейінің мамандары мен бітірушілерінің біліктіліктеріне қойылатын талаптарды бірыңғай ұстаныммен сипаттау;
      2) химия саласындағы мамандардың және білім берудің барлық деңгейін бітірушілердің біліктілігінің сәйкестігі мен берілуін растайтын рәсімдерін өткізу және бағалау материалдарын әзірлеу;
      3) тиісті біліктілікті меңгеруге апаратын, мансаптың жоғарылауын, біліктілік деңгейдің арттыруды жоспарлау.
      4. СБШ-да қолданатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;
      2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
      4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен білік;
      5) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      7) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану).
      5. СБШ осы аталған СБШ-ның 1-қосымшасына сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылымды білдіреді.
      СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
      1) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      пайдаланатын ақпараттың ауқымы мен күрделілігі;
      білімнің инновациялығы;
      олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы). Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
      кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқаулығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
      жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі. Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
      3) жеке және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметкердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және үш негізгі дәрежесі бар:
      басшылықтың қоластындағы қызмет;
      қызметті өз бетінше орындау;
      басқаларды басқару.
      Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды ынталандыру).
      6. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
      7. Біліктілік белгілі бір білім бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
      Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар ұйымдарда оқуға болады.
      Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, өз бетінше білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
      Білім беру мен оқытудың әр түрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелердің ішінде жүргізілетін болады.
      Қызметкердің практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке білім беру траекториясын құруға болады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
      Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы осы аталған СБШ-ның 2-қосымшасында көрсетілген біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.

«Құрылыс индустриясы»
саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне
1-қосымша      

Құрылыс индустриясы саласындағы
салалық біліктілік шеңберінің құрылымы

ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіптік қызмет саласы: минералдық негіздегі металл емес өнімді (шыны және шыныдан жасалған бұйымдар, керамикалық бұйымдар, еден үсті жабыны, кафель, черепица, терракот бұйымдар, шикізаттан дайын бұйымға дейін цемент пен сылау, әрлеу тастар және басқа минералды өнім) өндіру

Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар

Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

1

1

Дербестігі: өндірістік міндеттерді орындау барысында өте төмен дербестік деңгейінде толық басшылық жасалатын жұмыс.
Жауапкершілігі: жұмыстардың орындалуы; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігін сақтау үшін.
Күрделілігі: нұсқаулық бойынша жұмыс істеу

Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық іс-қимылдар циклы туралы базалық білім

2

2

Дербестігі: таныс жағдайларда белгілі бір дербестік болғанда басшылық етумен жасалатын жұмыс; басшылық етумен оқыту.
Жауапкершілігі: қарапайым тапсырмалардың орындалу нәтижелері үшін; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау; өндіріс құралдарын дайындау; жұмыстарың қарапайым түрлерін орындау (жұмыс орнын, құрал-саймандарды, құрылғыларды, ЖҚҚ дайындау және б.) үшін.
Күрделілігі: қарапайым үлгілік тапсырмаларды шешу

Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді

Еңбек мәні, үлгілік қарапайым тапсырмаларды орындау кезінде нәтижеге қол жеткізу құралдары мен жолдары туралы базалық білім

3

3

Дербестігі: үлгілік жағдайларда дербес жұмыстарды және күрделі жағдайларда басшылық етумен кәсіби қызметтерді жүзеге асыру, оқытуды өз бетінше ұйымдастыру
Жауапкершілігі: жұмыстардың орындалу нәтижелері үшін; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау, өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді өндіру үшін.
Күрделілігі: үлгілік практикалық тапсырмаларды орындау; білім және тәжірибе негізінде белгілі болған іс-қимылдар тәсілін таңдау

Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдай білу дағдыларын көрсетеді

Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру туралы білім

4

4

Дербестігі: бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз бетінше белгілеуін, нормаларды іске асыруды ұйымдастыру мен бақылауды көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: норманың іске асырылу нәтижелері үшін; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау үшін; өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді өндіру үшін.
Күрделілігі: жұмыс жағдайларын өз бетінше талдауды талап ететін түрлі үлгілік практикалық міндеттерді шешу.

Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныштылардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білімі мен дағдылардың жетіспеушілігін анықтайды, қызметкерлерді кәсіпқойлығын арттыруға ынталандырады

Кәсіби міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, принциптері және амалдары, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері туралы білім

5

5.1

Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шегіндегі басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: өз еңбегін бағалау және жетілдіру, өзінің оқуы және басқаларды оқыту үшін; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау үшін; өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді – жартылай фабрикатты өндіру үшін.
Күрделілігі: жұмыс жағдайлары өзгермелі түрлі жағдайларда шешім табу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу

Тапсырысты түсіне білу, жағдайды және өзінің іс-қимылдарын талдай білу, шешім қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, командалық жұмыс, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылату тұрғысынан қызметті бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді

Кәсіби жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым туралы білім

5.2

Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шегіндегі басқарушылық қызмет
Жауапкершілігі: өз еңбегін бағалау және жетілдіру, өзінің оқуы және басқаларды оқыту үшін; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі үшін; қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау үшін; өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді – дайын өнімді өндіру үшін
Күрделілігі: жұмыс жағдайлары өзгермелі түрлі жағдайларда шешім табу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу

6

6.1

Дербестігі: жұмыстарды басқа учаскелермен келісіп жасауды көздейтін, кәсіпорын қызметтінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу үшін, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру үшін, өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді – жартылай фабрикатты өндіру үшін
Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерін таңдауды және олардың әр түрлілігін көздейтін міндеттерді шешуге бағытталған қызметтер.

Белгісіздігі жоғары әлеуметтік және кәсіби жағдайларда жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениеті, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және олармен таныстыру, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді

Әлеуметтік және кәсіби күрделі жағдайларда бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау әдіснамасы, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, аналитикалық және жобалық құжаттаманы ресімдеу және таныстыру тәсілдері туралы білім

6.2

Дербестігі: жұмыстарды басқа учаскелермен келісіп жасауды көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу үшін, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру үшін, өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді – дайын өнімді өндіру үшін
Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерін таңдауды және олардың әр түрлілігін көздейтін міндеттерді шешуге бағытталған қызметтер.

7

7.1

Дербестігі: сала құрылымының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу үшін, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру үшін, өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді – жартылай фабрикатты өндіру және ішкі нарықта өткізу үшін
Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет

Міндет пен проблемаларды қою, инновациялық тәсілдерді, тұжырымдама жасау және қызмет стратегиясы әдістерін қолдана отырып, оларды жүйелі түрде шешу дағдыларын көрсетеді

Тұжырымдаманы, стратегияны, қызметтің функционалдық модельдерін құру әдіснамасын, акмеологиялық әдістерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды қою мен жүйелі түрде шешу тәсілдері туралы білім

7.2

Дербестігі: сала құрылымының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу үшін, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру үшін, өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді – жартылай фабрикатты өндіру және сыртқы нарықта өткізу үшін
Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет

8

8.1

Дербестігі: саланың мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдарының жұмыс істеу мен даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу үшін, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру үшін, өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді дайын өнімді өндіру және ішкі нарықта өткізу үшін
Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет

Жүйелік және стратегиялық ойлауды, логикалық әдістерді, кәсіби қызмет пен өзара іс-қимылдың модельдерін құру мен орындау әдістерін қолдана отырып, өзара тиімді шешімдерді қабылдау дағдысын көрсетеді

Қызметтің және өзара іс-қимылдың кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім

8.2

Дербестігі: Саланың мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдарының жұмыс істету мен даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу үшін, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру үшін, өндіріс құралдарын дайындау, минералдық негіздегі металл емес өнімді дайын өнімді өндіру және сыртқы нарықта өткізу үшін
Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет

«Құрылыс индустриясы»
саласындағы салалық
біліктілік шеңберіне
2-қосымша     

Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші

Біліктілік деңгейі

Тиісті деңгейдегі біліктілікке қолжеткізу жолдары

1

Практикалық тәжірибе не/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқыту (нұсқау) не/немесе бастауыштан кем емес орта білімі болған кезде қысқа мерзімді курстар.

2

Практикалық тәжірибе не/немесе негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе корпоративті білім беру) не/немесе ересектерді қайта даярлау.

3

Практикалық тәжірибе не/немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе корпоративті оқыту).

4

Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық) және практикалық тәжірибе.

5

Техникалық және кәсіби білім (немесе ортадан кейінгі білім), қосымша кәсіби дайындық немесе жекелеген жағдайларда жоғары білім (жекелеген мамандықтар бойынша бакалавриат), практикалық тәжірибе

6

Жоғары білім,
бакалавриат, практикалық тәжірибе.

7

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Магистратура (игерілген бакалавриат бағдарламасы негізінде), практикалық тәжірибе. Бакалавриат және қосымша кәсіби білім, практикалық тәжірибе.

8

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (тиісті мамандық бойынша магистрдың академиялық степендиясын алуға жетелейтін бағдарламалар, философия докторлары (PhD) және бейіні бойынша докторлар не/немесе практикалық тәжірибе). Магистр немесе маман дайындаудың игерілген бағдарламасы, қосымша кәсіби білім, практикалық тәжірибе және салалық, салааралық, халықаралық деңгейде қоғамдық және кәсіби танылу.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады