Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 сәуірде № 9305 тіркелді

      «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Персоналды басқару департаменті (Б.Т. Айқымбаева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Комитет төрағалары осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің барлық ведомстволарының аумақтық бөлімшелері басшыларының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                  Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары – 
Қазақстан Республикасының  
Қаржы министрінің     
2014 жылғы 12 наурыздағы 
№ 114 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің
жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті
дербес деректерінің тізбесі

      1. Тегі.
      2. Аты.
      3. Әкесінің аты.
      4. Туған күні, айы, жылы және жері.
      5. Азаматтығы.
      6. Ұлты.
      7. Денсаулығының жәй-күйі туралы мәлімет.
      8. Тіркелген және тұрғылықты жері (елі, облыс/аудан, қала, (ауыл, село), көшенің атауы (шағын ауданы),үйінің нөмірі, пәтерінің нөмірі).
      9. Телефон нөмірі, электрондық почтасының мекенжайы.
      10. Төлем картасының нөмірі.
      11. Отбасылық, мүліктік жағдайы.
      12. Білімі туралы мәлімет (жоғарғы оқу орнының атауы, дипломның нөмірі және сериясы, мамандығы, біліктілігі).
      13. Жыл ішінде алдынғы жұмыс орыннан алынған табыстары туралы мәлімет.
      14. Жеке басының куәлігі және (немесе) паспорт нөмірі, сериясы, берілген күні.
      15. Жеке сәйкестендіру нөмірі.
      16. Әскери есепте тұрғаны туралы мәлімет.
      17. Еңбек еткен қызметі туралы мәлімет.
      18. Соттылығының бар-жоғы туралы мәлімет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады