Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясының курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полиция) төрағасының 2014 жылғы 22 сәуірдегі N 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 мамырда 9472 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі - Агенттік) Қаржы полициясы академиясының курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      2. Агенттіктің Кадрлар басқармасы Қаржы полициясы академиямен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Р. Түсіпбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _____________ А. Сәрінжіпов

      2014 жылғы "___" ________



  Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Төрағасының 2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Қаржы полициясы академиясының курсанттарын (тыңдаушыларын)
ауыстыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Қаржы полициясы академиясының курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру туралы осы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қаржы полициясы академиясының (бұдан әрі – Академия) курсанттарын (тыңдаушыларын) ауыстыру тәртібін анықтайды.

2. Қаржы полициясы академиясына тыңдаушыларды ауыстыру тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан Академияға ауысу мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде тиісті курста бос орын бар болған жағдайда, сондай-ақ оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, жазғы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан Академияға ауысу рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан Академияға ауысуға ниет білдірген үміткер Академия бастығының атына еркін түрде ауысу туралы өтініш береді. Ауысу туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

      өзі оқыған жоғары оқу орны басшысының атына ауысу туралы жазылған өтініштің көшірмесі (басшының қолы қойылған және мөрмен бекітілген);

      оқу ісі жөніндегі проректор қол қойған және мөрмен бекітілген, кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипттің көшірмесі;

      ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат;

      жеке куәліктің көшірмесі;

      білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса);

      2) тиісті курста бос орын бар болған жағдайда өтініш берген кезден бастап Академия үш жұмыс күні ішінде:

      Академияға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыстыру мүмкіндігі туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) дайындайды;

      қаржы полициясының аумақтық органына үміткердің тұрақты тұратын жері бойынша ауысу мүмкіндігі туралы қорытындының көшірмесін жолдайды;

      3) аумақтық қаржы полициясы органы қорытынды берген кезден бастап он жұмыс күні ішінде:

      үміткерге қызметке жарамдылығын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінің әскери-дәрігерлік комиссиясында (бұдан әрі – ІІМ ӘДК) медициналық куәландырудан өту үшін жолдама береді;

      үміткерге және оның жақын туыстарына қатысты арнайы тексеріс жүргізу үшін материалдарды жолдайды;

      үміткердің жеке ісін Академияға жолдайды және оған:

      3х4 - 6 фотосуретін, 9х12 - 1 фотосуретін;

      ІІМ ӘДК қорытындысын;

      арнайы тексеріс материалдарын;

      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;

      өмірбаянды;

      тіркеу куәлігін немесе әскери билетті (түпнұсқа);

      4) Академия жеке істі алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде үміткердің материалдарын (қорытындының, транскрипттің, жұмыс оқу жоспарының көшірмелерін, бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырғаны туралы сертификатты, ІІМ ӘДК қорытындысын, үміткердің арнаулы тексеріс нәтижесі бойынша қорытындысын) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясына) (бұдан әрі - Агенттік) үміткерді Академияға ауыстыру кезінде қажетті құжаттардың сәйкестігі мен бос орынның бар болуы мәселесімен келісу үшін жібереді.

      5) Агенттіктің Кадрлар басқармасы үміткердің материалдарын үш жұмыс күні ішінде қарап, ауысу мүмкіндігі туралы шешімді Академияға жібереді.

      6) оқу жылы бойы жұмыс істейтін қабылдау комиссиясы Агенттік үміткерді Академияға қабылдау туралы оң шешім шығарған жағдайда үміткерге дене шынықтыру дайындығы бойынша емтиханның өткізілетін күні туралы хабардар етеді.

      7) дене шынықтыру дайындығына қатысты емтиханның нәтижелері бойынша үміткер Агенттіктің келісімі, қабылдау комиссиясының қорытындысы мен хаттамасы негізінде Академия бастығының бұйрығымен Академия курсанттарының (тыңдаушыларының) қатарына қабылданады.

      5. Үміткерді Академияның курсанттары (тыңдаушылары) қатарына енгізу туралы бұйрық шыққан күннен бастап Академия бастығы үш жұмыс күні ішінде бұрын үміткер оқыған жоғары оқу орнына оның оқу ісінің құжаттарын Академияға жіберу туралы жазбаша сұраныс жолдайды. Сұранысқа үміткерді курсанттардың (тыңдаушылардың) қатарына енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі қоса тіркеледі.

      6. Оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты транскриптте немесе оқуын аяқтамаған азаматтарға берілген анықтамасында көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттары немесе кредиттің мөлшері негізінде Академия анықтайды.

      7. Тыңдаушы оқу жұмыс жоспарының пәндеріндегі академиялық айырмашылықтарды жою үшін осы пәндерге жазылады, ағымдағы академиялық кезеңде барлық оқу сабақтарына қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, қорытынды бақылауға рұқсат алады.

      8. Оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтарды жою мерзімі мен кестесі ағымдағы оқу жылына Академияның факультет бастығының өкімімен ресімделеді және курсанттың (тыңдаушының) жеке оқу жоспарына енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Қаржы полициясы академиясының курсанттарын
(тыңдаушыларын) ауыстыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН

      Академия бастығының

      оқу-әдістемелік жұмыстарын

      ұйымдастыру жөніндегі орынбасары

      ______________________________

      (арнайы атағы)

      __________________________ (ТАӘ)

      20___ жылғы "_____" ____________

ҚОРЫТЫНДЫ

      Азамат (ТАӘ) Қаржы полициясы академиясының "________________" мамандығы бойынша _____ курсына "________________" мамандығы (Қазақстан Республикасының жоғары оқу орынның атауы) ауысу мүмкіндігі туралы өтінішін қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларының 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан Академияға ауысу мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде тиісті курста бос орын бар болған жағдайда, сондай-ақ оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, жазғы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

      1. Екі жоғары оқу орындарының оқу жоспарларларын салыстырмалы талдау кезінде (транскрипт көшірмесі) келесі міндетті компонентті оқу пәндері бойынша академиялық айырмашылық анықталды:

      1) (пәннің атауы, кредит саны, аяқталу нысаны);

      2) (пәннің атауы, кредит саны, аяқталу нысаны);

      3) (пәннің атауы, кредит саны, аяқталу нысаны);

      4) (пәннің атауы, кредит саны, аяқталу нысаны);

      5) (пәннің атауы, кредит саны, аяқталу нысаны);

      сондай-ақ таңдау бойынша компонентті оқу пәндерінен:

      1) (пәннің атауы, кредит саны, аяқталу нысаны);

      2) (пәннің атауы, кредит саны, аяқталу нысаны);

      3) (пәннің атауы, кредит саны, аяқталу нысаны);

      4) (пәннің атауы, кредит саны, аяқталу нысаны).

      Екі жоғары оқу орынның оқу жоспарларларын салыстыру кезінде академиялық айырмашылық міндетті компоненттің 5 (бес) пәні бойынша анықталды:

      Айтылғандардың негізінде, "________________" мамандығы бойынша Қаржы полициясы академиясының ___ курсына азамат (ТАӘ) ауысуы мүмкін/мүмкін емес

      2. Бүгінгі күні "________________" мамандығы бойынша ___ курста бос орын ___________________________

      (бар/жоқ)

      Осыған байланысты, Сіздің Қаржы полициясы академиясына ауысу туралы өтінішінізді қанағаттандыру _________________________

      (мүмкін/мүмкін емес)

      ______________________ _______________

      Кадрлар бөлімінің бастығы (ТАӘ)

      (арнайы атағы)

      "Келісілді"

      _____________________

      Жоғары және жоғары оқу орнынан

      кейінгі білім беру факультетінің бастығы

      (арнайы атағы), (ТАӘ)

  Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Қаржы полициясы академиясының курсанттарын
(тыңдаушыларын) ауыстыру қағидаларына
2-қосымша

АНКЕТА

      1. Тегі _________________________________ Фотосуретке

      Аты _____________________________________ арналған

      Әкесінің аты ____________________________ орын

2. Егер тегіңізді, атыңызды не әкеңіздің атын өзгерткен болсаңыз, онда қашан, қандай себептермен өзгерткеніңізді көрсетіңіз


3. Туған жылы, күні, айы және орны (село, ауыл, қала, аудан, облыс, өлке, республика)


4. Азаматтығы (егер өзгерткен болсаңыз, қандай себептермен өзгерткеніңізді көрсетіңіз)


5. Білімі (қашан, қандай оқу орындарын аяқтадыңыз, дипломдардың нөмірі).

Диплом бойынша мамандығыңыз. Диплом бойынша біліктілігіңіз.


6. Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз (қашан берілген, дипломдардың нөмірі)


7. Қандай шет тілдерді және Қазақстан халықтарының тілдерін білесіз және түсінісе аласыз (еркін сөйлейсіз)


8. Сіз және Сіздің туыстарыңыз сотты болған ба (қашан және не үшін)


9. Шетелде болдыңыз ба (қайда, қашан және қандай мақсатпен)



      10. Еңбек жолының басынан бастап атқарған жұмысыңыз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметті, қосымша жұмысты, кәсіпкерлік қызметті, т.б. қоса алғанда)1

Айы мен жылы

Ұйымды көрсетумен лауазымы

Ұйымның орналасқан жері

Түскен

Шыққан






















      1 Кәсіпорынды, мекемені және ұйымды сол кездегі атауларымен жазу қажет, әскери қызметті лауазымын және әскери бөлімшенің нөмірін көрсетумен жазу қажет.

      11. Сіздің жақын туыстарыңыз (әке, шеше, ағалар, апалар және балалар), сондай-ақ жолдасыңыз (әйеліңіз), соның ішінде бұрынғылар

Туысқандық деңгейі

Тегі, аты, әкесінің аты2

Туған күні, жері

Жұмыс орны, лауазымы

Тұрғылықты жерінің мекенжайы
































      2 Егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.

      12. Сізде немесе жолдасыңызда (әйеліңізде) шетелде тұрақты тұратын туыстары бар ма (тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, туысқандық деңгейін, тұрғылықты жерін, тұратын елін, олар шетелде қай уақыттан бері тұратынын көрсетіңіз)

      13. Сізде шетелдік төлқұжат бар ма? ___________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (нөмірі, сериясы қашан және кім берген)

      14. Әскери қызметке қатысыңыз және әскери шеніңіз

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      15. Тұратын мекен-жайыңыз және телефон нөміріңіз

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      16. Төлқұжат немесе оны ауыстыратын құжат _____________________

      _____________________________________________________________________

      (нөмірі, сериясы, қашан және кім берген)

      17. Қосымша мәліметтер (мемлекеттік) наградалар, сайланбалы өкілді органдарға қатысуы, сондай-ақ ресімделуші өзі туралы хабарлағысы келетін басқа ақпарат

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      "_____" ___________ 20__ жыл Қолы ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады