Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуі үшін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 276 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 198 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 маусымда № 9489 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 672 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 739 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 № 672 және ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 № 739 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 819 бұйрығының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8144 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда № 141 (28080) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді қамтамасыз етсін;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Ә.А. Асавбаевқа және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғ.К. Әмринге жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі

_____________ Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі
_____________ Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 25 сәуірдегі № 276
және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі № 198
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуі үшін арнайы рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-11-бабы негізінде, сондай-ақ "Автокөлік саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысымен бекітілген, "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші 1) және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші 2) көрсетеді.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы (бұдан әрі – ХҚО);

      көрсетілетін қызметті беруші 2 арқылы;

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі үшін көрсетілетін қызметті беруші 1 және 2 арқылы жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:

      ХҚО арқылы;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 арқылы;

      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші 1 және 2 арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) және оған бақылау талоны қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ресімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген нысандағы өтінішті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының өтініші) алуы болып табылады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші 1 жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші 1 кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскеннен кейін бір сағат ішінде оны тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қарастыруына береді;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына береді;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына береді;

      көрсетілетін қызмет беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы:

      бес жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда – бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;

      iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруге алым сомасын көрсете отырып мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ресімдейді және оны ақпараттық жүйе арқылы ХҚО-ға жолдайды немесе шетелдік көрсетілетін қызметті алушыға береді;

      көрсетілетін қызметті алушымен алым сомасы республикалық бюджетке төленгені расталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде арнайы рұқсатты және оған бақылау талонын ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қол қоюына жолдайды;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға бір сағат ішінде арнайы рұқсатқа қол қойып, оны және оған бақылау талонын көрсетілетін қызметті беруші 1 кеңсесіне жолдайды;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 кеңсе қызметкері қызмет көрсету нәтижесі түскеннен кейін бір сағат ішінде оны курьер арқылы ХҚО-ға жолдайды немесе 10 минут ішінде шетелдік қызмет алушыға немесе оның өкіліне береді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші 2 жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші 2 кеңсе қызметкері немесе құжаттарды қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды тұлға (бұдан әрі – лауазымды тұлға) құжаттар түскен сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысына немесе оны ауыстыратын тұлғаның қарастыруына береді;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші 2 арнайы рұқсаттың және оған бақылау талонының ресімделуін жүзеге асырушы уәкілетті тұлғасына (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) береді;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 уәкілетті тұлғасы:

      бес жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;

      бір сағат ішінде хабарламаны ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне береді;

      көрсетілетін қызметті алушымен алым сомасы республикалық бюджетке төленгені расталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде арнайы рұқсатты және оған бақылау талонын ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қол қоюына жолдайды;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға бір сағат ішінде арнайы рұқсатқа қол қояды және оны және оған бақылау талонын көрсетілетін қызметті беруші 2 кеңсе қызметкеріне немесе лауазымды тұлғаға жолдайды;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 кеңсе қызметкері немесе лауазымды тұлға қызмет көрсету нәтижесі түскеннен кейін 10 минут ішінде оны көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне береді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші 1 жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші 1 кеңсесінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу және оны көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысына немесе оны ауыстыратын тұлғаға беру;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысының немесе оның орынбасарының бұрыштамасы;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімі басшысының бұрыштамасы;

      хабарламаны ресімдеу және оны ақпараттық жүйе арқылы ХҚО-ға жолдау немесе шетелдік қызмет алушыға не оның өкіліне беру;

      алым сомасын төлегені туралы төлем құжатын қабылдау;

      арнайы рұқсатты және оған бақылау талонын ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қол қоюына беру;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 кеңсесіне қызмет көрсету нәтижесін беру;

      мемлекеттік қызмет нәтижесін курьер арқылы ХҚО-ға жолдау немесе оны шетелдік көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне беру;

      2) көрсетілетін қызметті беруші 2 жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші 2 кеңсесінде немесе лауазымды тұлғамен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу және көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қарастыруына беру;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның бұрыштамасы;

      хабарламаны ресімдеу және көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне беру;

      алым сомасын төлегені туралы төлем құжатын қабылдау;

      арнайы рұқсатты және оған бақылау талонын ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қол қоюына беру;

      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне беру.

3. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші 1 жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші 1 кеңсе қызметкері;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы;

      2) көрсетілетін қызметті беруші 2 жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші 2 кеңсе қызметкері немесе лауазымды тұлға;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 уәкілетті тұлғасы.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдарының) дәйектілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші 1 жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші 1 кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскеннен кейін бір сағат ішінде оны тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қарастыруына береді;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына береді;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына береді;

      көрсетілетін қызмет беруші 1 автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы:

      бес жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда – бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;

      iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруге алым сомасын көрсете отырып мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ресімдейді және оны ақпараттық жүйе арқылы ХҚО-ға жолдайды немесе шетелдік көрсетілетін қызметті алушыға береді;

      көрсетілетін қызметті алушымен алым сомасы республикалық бюджетке төленгені расталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде арнайы рұқсатты және оған бақылау талонын ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қол қоюына жолдайды;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға бір сағат ішінде арнайы рұқсатқа қол қойып, оны және оған бақылау талонын көрсетілетін қызметті беруші 1 кеңсесіне жолдайды;

      көрсетілетін қызметті беруші 1 кеңсе қызметкері қызмет көрсету нәтижесі түскеннен кейін бір сағат ішінде оны курьер арқылы ХҚО-ға жолдайды немесе 10 минут ішінде шетелдік қызмет алушыға немесе оның өкіліне береді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші 2 жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші 2 кеңсе қызметкері немесе құжаттарды қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды тұлға (бұдан әрі – лауазымды тұлға) құжаттар түскен сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысына немесе оны ауыстыратын тұлғаның қарастыруына береді;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және көрсетілетін қызметті беруші 2 арнайы рұқсаттың және оған бақылау талонының ресімделуін жүзеге асырушы уәкілетті тұлғасына (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) береді;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 уәкілетті тұлғасы:

      бес жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарастырады және белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;

      бір сағат ішінде хабарламаны ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне береді;

      көрсетілетін қызметті алушымен алым сомасы республикалық бюджетке төленгені расталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде арнайы рұқсатты және оған бақылау талонын ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қол қоюына жолдайды;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға бір сағат ішінде арнайы рұқсатқа қол қояды және оны және оған бақылау талонын көрсетілетін қызметті беруші 2 кеңсе қызметкеріне немесе лауазымды тұлғаға жолдайды;

      көрсетілетін қызметті беруші 2 кеңсе қызметкері немесе лауазымды тұлға қызмет көрсету нәтижесі түскеннен кейін 10 минут ішінде оны көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне береді.

      11. Көрсетілетін қызметті берушілер 1 және 2 құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер 1 және 2 құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл блок-схемаларында көрсетілген.

4. ХҚО өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік
қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібін сипаттау

      12. ХҚО жүгінудің тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:

      ХҚО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған ақпараттық жүйе арқылы электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін жолдайды.

      13. Құжаттар пакетін ХҚО тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      14. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгіну кезінде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) белгіленген нысандағы өтініш;

      2) алым сомасы республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты.

      15. ХҚО-ға құжаттарды тапсырған кезде ХҚО-ның қызметкері отандық көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:

      1) құжаттың нөмірі және қабылданған күнін;

      2) сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауын;

      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орнын;

      5) құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің атын (бар болған кезде);

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) – жеке тұлғалар үшін; немесе атауы – заңды тұлғалар үшін, байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді;

      16. Мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы нәтижесін алу процесінің сипаты, оның ұзақтығы:

      ХҚО қызметкері орындалған құжаттар түскеннен кейін 15 минут ішінде Сканер штрихкодтың көмегімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдауды жүзеге асырады;

      көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 15 минут ішінде көрсетілетін қызмет алушыға немесе оның өкіліне мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.

      17. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді ХҚО қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ақпараттық мониторинг жүргізу жүйесі арқылы алады.

      18. ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада көрсетілген.

      19. ХҚО-да құжаттарды қабылдау "электрондық" кезек тәртiбiмен, жеделдетіп қызмет көрсетусiз операциялық залда жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкіндігі бар.

      20. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:

      портал арқылы электрондық сұрау салу кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсету арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      21. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың, онда көрсетілген мерзімде (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін) жеке өзі келген және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатының және "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, төлем құжатының негізінде жүзеге асырылады.

      22. Портал арқылы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымшада көрсетілген.

  "Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы ауыр салмақты және (немесе)
iрi көлемді көлiк құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп
өтуі үшін арнайы рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші 1 құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл блок-схемасы



  "Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы ауыр салмақты және (немесе)
iрi көлемді көлiк құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп
өтуі үшін арнайы рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші 2 құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл блок-схемасы



  "Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы ауыр салмақты және (немесе)
iрi көлемді көлiк құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп
өтуі үшін арнайы рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



Шартты белгілер:



  "Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы ауыр салмақты және (немесе)
iрi көлемді көлiк құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп
өтуі үшін арнайы рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

Портал арқылы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



Шартты белгілер:



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады