Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 79 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 маусымда № 9530 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтың актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банктердің жарғылық капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
      жаңадан құрылатын банктер үшін – 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін – 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында немесе 52-5-бабы 1-тармағының
1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге мөлшерінде;
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге мөлшерінде;
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге мөлшерінде;
      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңге мөлшерінде.
      Банктің меншік капиталының ең аз мөлшері бойынша пруденциалдық норматив мына талаптарды бір мезгілде орындаған кезде орындалды деп саналады:
      банктің меншікті капиталының нақты мөлшері:
      2014 жылғы 1 қаңтарда меншікті капиталының мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден кем болған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден аз емес;
      басқа банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аз емес болғанда;
      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы
2-тармағының 2) тармақшасында немесе 52-5-бабы 1-тармағының 1) және
2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты міндеттемелердің мөлшері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген лимиттерден аспайды.
      1-2. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында немесе
52-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы жоқ банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін меншік капиталының ең аз мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алу уәкілетті орган белгiлеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн жағдайда ғана сатып алады.»;
      3-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларынан басқа уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларында таниды.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мерзімсіз қаржы құралдарын шығарған банктің бастамасы бойынша ғана мерзімінен бұрын, бірақ оларды шығарған күннен бастап бес жыл мерзім өткеннен ерте емес өтелуі тиіс, егер мұндай өтеу уәкілетті органның жазбаша растауына сәйкес соңынан банктің осы Нұсқаулықта белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәндерін бұзуына әкелмейтін жағдайда;»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Банктің меншікті капиталына қатысты міндеттемелері бойынша оның бір заемшыға келетін банк тәуекелінің мөлшеріне қатысы:
      бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші еншілес ұйымдарды (кЗ.1) қоспағанда, банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар қарыз алушылар үшін - 0,10 аспауы тиіс. Банкпен айрықша қатынастармен байланысты қарыз алушылар бойынша, күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші еншілес ұйымдарды қоспағанда, тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс;
      басқа қарыз алушылар үшін (кЗ) - 0,25 (оның ішінде бланктік қарыздар, қарыз алушы алдындағы не банктің ағымдағы және содан кейінгі екі ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, осы Нұсқаулықтың 35-1-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің бір тармағынан темен болмайтын Standard&Poor's агенттігінің рейтингісі немесе одан басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard&Poor's агенттігінің «А» рейтингінен төмен емес рейтингісі немесе одан басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент еместерге талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының оффшор аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын резидент еместерінің міндеттемелері бойынша 0,10 аспайды) аспайды.
      Әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын банктің бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдерінің жиынтық сомасы бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымдарды қоспағанда, банктің меншікті капиталының мөлшерінен бес еседен аса аспайды.
      «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспайды.»;
      45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-1. Банкте есепті кезең ішінде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзімі өткен міндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері болған кезде, өтімділік нормативтері орташа айлық негізде айқындалатын өтімділік коэффициенттерінің есептік мәндеріне қарамастан орындалмаған болып есептеледі.»;
       45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-1. Өтімділік нормативтері орташа айлық негізде айқындалатын өтімділік коэффициенттерінің есептік мәндеріне қарамастан, мынадай жағдайларда:
      1) банкте есепті кезең ішінде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзімі өткен міндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері болған кезде;
      2) банк жеке тұлғалардың жаңадан тартылған (теңгемен және шетел валютасымен) депозиттері бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі белгілейтін және оларды сақтау үшін банктерге ұсынылатын ең жоғары (ұсынылатын) сыйақы мөлшерлемелерін асырған кезде орындалмаған болып есептеледі.»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы банктің талаптарының (міндеттемелерінің) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы міндеттемелерінің (талаптарының) шегінен асып кетуі.
      Ұзын валюталық позиция - бұл талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы міндеттемелерінің (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
      Қысқа валюталық позиция - ірі міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
      Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының (тазартылған бағалы металдар құнының) өзгеруімен белгіленетін, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) енгізіледі.
      Мөлшері бір шетелдік валютадан артық айырбас бағамының өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер, шартты және ықтимал міндеттемелердің жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның мейлінше төмен лимитін иеленетін шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгізіледі.
      Әрбір шетелдік валюта бойынша және әрбір тазартылған бағалы металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.
      Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары (тазартылған бағалы металдары) бойынша валюта ашық позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте активтер шоттарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде және банктің міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттардың сальдосы есептеледі.
      Одан кейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан арнайы резервтерді шегергенде, шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттар сальдосы анықталады.
      Міндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (тазартылған бағалы металдағы) талаптардың (міндеттемелердің) асып кетуін көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктің шетел валютасы (тазартылған бағалы метал) бойынша ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.
      Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы банктің меншікті капиталы мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспауы тиіс.
      Банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған мәміле споты енгізілмейді.
      Туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы агенті болып табылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық құралдармен операциялар, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық своптар операциялары, базалық активтері ұлттық валютадан тұрмайтын валюталық жұп болып табылатын туынды қаржы құралдары енгізілмейді.
      Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары (тазартылған бағалы металдары) және барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлігіндегі валюта позициясы есебіне енгізіледі.
      Мәмілені жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күні бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюталық позиция есебіне енгізіледі.»;
      53-653-7 және 53-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      ««53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының меншікті капиталдың орташа айлық шамасының, реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.
      53-7. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
      Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.
      53-8. Банктің қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді есепке алғанда есептелген ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің жалпы сомасының, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
      Меншікті капиталдың орташа айлық шамасы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күніндегі жағдай бойынша меншікті капитал сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
      Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының резидент емес еншілес ұйымдарына инвестицияларды қоспағанда, мынадай мөлшерлерде пайдаланылады:
      жүйе құрайтын банктерді қоспағанда банктер үшін:
      2014 жылғы 1 қазаннан бастап – 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;
      жүйе құраушы банктер үшін:
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0,3-ке көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;
      2015 жылғы 1 қазаннан бастап - 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні.»;
      мынадай мазмұндағы 6-4-тараумен толықтырылсын:
      «6-4. Банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары үлесінің лимиті
      53-10. Банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары үлесінің лимиті к11 коэффициентімен сипатталады, 0,10-нан аспайтын мөлшерде белгіленеді және есепті күнге жұмыс істемейтін қарыздардың банктің несие портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.
      53-11. Осы Нұсқаулықтың 53-10-тармағында көрсетілген коэффицентті есептеу мақсаттары үшін:
      жұмыс істемейтін қарыздар ретінде есепті күнге олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде күнтізбелік тоқсан күннен жоғары негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (жеке кәсіпкерлерге берілетін қарыздарды, заңды тұлғаларға берілетін қарыздарды қоса, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін қарыздарды қоса, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жеке тұлғаларға берілетін қарыздар және «кері «РЕПО» операциясы) түсініледі;
      несие портфелі ретінде есепті күнге ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (жеке кәсіпкерлерге берілетін қарыздарды, заңды тұлғаларға берілетін қарыздарды қоса, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін қарыздарды қоса, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, жеке тұлғаларға берілетін қарыздар және «кері «РЕПО» операциясы) түсініледі.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2014 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күні туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясының лимиттерінен асып түскен екінші деңгейдегі банк үшін туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясына қойылатын талаптарды осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) айға дейінгі мерзімде орындау осы қаулының 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін іс-шаралар жоспарымен белгіленген мәндерді сақтау болып табылады.
      4. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап келесі есепті күнге банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентінің нормативінен асып түскен екінші деңгейдегі банк үшін банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентінің талаптарын осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) айға дейінгі мерзімде орындау осы қаулының 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін іс-шаралар жоспарымен белгіленген мәндерді сақтау болып табылады.
      5. Осы қаулының мақсаттары үшін іс-шаралар жоспарына мынадай
талаптар қойылады:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мақұлданады;
      2) нормативті мәндердің болжамынан, осы болжамның негіздемесінен және банк қызметіне теріс ықпалдардан тұрады;
      3) іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты лауазымды тұлғалар
бойынша ақпараттан тұрады.
      6. Осы қаулы мыналарды:
      осы қаулының 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының отыз сегізінші – елу үшінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының он бірінші – жиырма тоғызыншы абзацтарын;
      осы қаулының 2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының отыз төртінші – отыз жетінші абзацтарын, елу төртінші – алпыс бесінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының қырық бірінші – елу үшінші абзацтарын;
      осы қаулының 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші – он тоғызыншы абзацтарын, алпыс алтыншы – жетпіс бірінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының елу төртінші – елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 1-тармағының отыз екінші және отыз үшінші абзацтары 2013 жылғы 28 тамыз - 2014 жылғы 30 қыркүйек аралығында туындаған қатынастарға қолданылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                  Қ. Келімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады