Байланыс формасы

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдеде № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9672 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 192 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 7-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін берудің қағидалары бекітілсін.

      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Спорт және дене шынықтыру


істері агенттігінің төрағасы

Т. Есентаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрі

      С. Қайырбекова

      2014 жылғы 31 шілде




Қазақстан Республикасы


Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының


2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабы 34) тармақшасының негізінде әзірленді.

      2. Осы қағида спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлеуді жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

      3. Өтемақы төлеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      4. Өтемақы төлемдері – халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеу және оңалту шығындарының құнын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өтемақы төлеуді жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өтемақы төлемдерін алу үшін халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адам (бұдан әрі – өтініш беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өтініш берушінің өкілі жүгінген кезде – нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

      2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін белгіленген нысандағы өтініш;

      3) тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген халықаралық спорт жарыстарында жарақат алу және мертігу бойынша диагнозды көрсете отырып, медициналық қорытынды;

      5) спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және оңалтуға шығын құнын растайтын құжат;

      6) есеп шотының бар болуы туралы анықтама.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Уәкілетті органның құжаттарды қарау, өтемақы төлеу немесе бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініш қабылдаған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн болады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 192 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган оның негізінде өтемақы төлеуді жүзеге асыру (төлеуден бас тарту) туралы шешім қабылданатын қорытынды шығарады.

      7-1. Өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудан бас тартуға мыналар:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау;

      2) өтемақы төлеуді жүзеге асыру үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      3) өтініш берушінің және (немесе) өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 192 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтемақы төлеуді жүзеге асыруға шешім қабылданғаны (төлеуден бас тартылғаны) туралы уәкілетті орган өтініш берушіге жазбаша түрде осындай шешім қабылданған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      9. Өтемақы төлеу халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамдарды емдеуге және оңалтуға шығындар құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктегі өтініш берушінің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 192 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері
бойынша ұлттық құрама
командалардың) мүшелеріне
олардың халықаралық спорттық
жарыстарда спорттық жарақат
алуы және мертігуі кезінде
өтемақы төлемдерін төлеу
қағидаларына
қосымша
  Нысан
  Кiмге ____________________________
  (дене шынықтыру және спорт саласындағы
  ____________________________
  уәкілетті органның басшысының лауазымы,
  ____________________________
  аты, әкесінің аты, тегi (болған жағдайда)
  Кiмнен ____________________________
  (спортшының немесе уәкілетті өкiлiнiң
  ____________________________
  тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
  ____________________________
  мекенжайы және телефон нөмірі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін ӨТIНIШ

      Сiзден ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________ сұраймын.

      ____________ ______________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____________

      Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___" _____________

      ______________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады