Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9960 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.04.2023 № 138 (12.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының

      2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 21-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрі

В. Школьник

"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің м.а.


_____________ М. Құсайынов


2014 жылғы 8 желтоқсанда



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 12.04.2023 № 138 (12.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 21-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын (бұдан әрі – шекті бөлшек сауда бағалары), сондай-ақ бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің (бұдан әрі – шекті көтерме сауда бағалары) шекті бағаларын айқындау тәртібін белгілейді.

2-тарау. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды айқындау тәртібі

      2. Дизель отынын 300 (үш жүз) литрден сату кезінде шекті бөлшек баға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен Argus Media Limited баспасының "Argus Каспий нарығы" (бұдан әрі – Argus media) көзінің ақпараты бойынша айқындалатын Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларында орташа арифметикалық бағаға тең болып белгіленеді.

      Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отыны үшін - тәулігіне 100 (жүз) литрге дейін, жүргізуші куәлігін және Қазақстан Республикасында берілген жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде - тәулігіне 300 (үш жүз) литрге дейін, сондай-ақ бензиндер үшін осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес есептелген бағалар қолданылады.

      Шекті бөлшек сауда бағалары 4-тармақта көзделген шарттарды ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

      Pбөлшек сауда = Pбөлшек сауда -1 *(100%+Kинфл/4)*(100%+Kимпорт), мұнда:

      1) Pбөлшек сауда– жарты жылдыққа 1 (бір) литр мұнай өнімінің шекті бөлшек сауда бағасы;

      2) Pбөлшек сауда-1 – алдыңғы жартыжылдықта белгіленген 1 (бір) литр мұнай өнімінің шекті бөлшек сауда бағасы.

      Ескертпе: белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктердегі әртүрлі шекті бөлшек сауда бағалары кезінде Pбөлшек сауда-1 үшін Аргус медиа ақпараты бойынша айқындалатын ең төменгі бөлшек сауда бағалары қолданылады;

      Kинфл – шекті бөлшек бағаларды бекіту жүзеге асырылатын жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша, шекті бөлшек бағаларды бекіту жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылдың қаңтарына қарай Қазақстан Республикасындағы инфляцияның жылдық деңгейі;

      Kимпорт –2016 жылғы 30 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде газ, мұнай және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын қалыптастыру әдіснамасы туралы Келісімнің Еуразиялық экономикалық одақтың индикативтік (болжамды) балансына сәйкес шекті бөлшек бағаны бекіту жоспарланатын жылға тиісті мұнай өнімі импортының болжамының Қазақстан Республикасындағы мұнай өнімі өндірісі көлемінің болжамына пайыздық арақатынасы.

      4. Егер жарты жылға есептелген шекті бөлшек сауда бағасының мөлшері Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларында ағымдағы орташа бағадан асып кеткен жағдайда, онда шекті бөлшек сауда бағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларында теңгемен орташа бағаға тең болып белгіленеді.

3-тарау. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағасын айқындау тәртібі

      5. Шекті көтерме сауда бағалары мынадай формула бойынша есептеледі:

      P көтерме = Pбөлшек сауда *Kауд – S, мұнда:

      P көтерме – мұнай өңдеу зауытын жеткізу базасында жарты жылға 1 (бір) тонна мұнай өнімінің шекті көтерме сауда бағасы;

      Pбөлшек сауда – осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген жарты жылға арналған 1 (бір) литр мұнай өнімінің шекті бөлшек саудабағасы;

      Kауд – дизель отыны үшін 1190 (бір мың жүз тоқсан) және бензиндер үшін 1325 (бір мың үш жүз жиырма бес) тең өлшем бірліктерін литрден тоннаға ауыстыру коэффициенті.

      S- мұнай өнімдерін мұнай өңдеу зауыттарынан стационарлық автожанармай құю станцияларына дейін тасымалдауға, сондай-ақ осындай мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге байланысты 1 тонна мұнай өнімдеріне жұмсалатын шығыстардың орташа сомасы дизель отыны үшін Pопт 19% - ға және бензин үшін Pопт 21% - ға тең.

4-тарау. Шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу тәртібі және мұнай өнімдерінің шекті көтерме сауда бағалары

      6. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы бұйрықтардың жобаларын мұнай өнімдері саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      7. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерінің шекті бағаларын келіседі не ескертулер болған кезде пысықтауды талап ететін бұйрық жобасына негізделген ескертулерді көрсете отырып, пысықтауға жібереді.

      8 Заңның 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, шекті бағаларды уәкілетті орган осы Қағидаларды қолданбай белгілейді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады