"Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағаларын тіркеуге арналған деректерді енгізудің электрондық нысаны" (коды 7823108, индексі Ц-101э, кезеңділігі күн сайынғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 қарашадағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9962 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 169 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 13.11.2017 № 169 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының

      2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) "Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағаларын тіркеуге арналған деректерді енгізудің электрондық нысаны" (коды 7823108, индексі Ц-101э, кезеңділігі күн сайынғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағаларын тіркеуге арналған деректерді енгізудің электрондық нысаны" (коды 7823108, индексі Ц-101э, кезеңділігі күн сайынғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Ә. Смайылов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2014 жылғы 4 қарашадағы
№ 40 бұйрығына
1-қосымша



Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді

Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны

Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения


Приложение 1 к приказу

Председателя Комитета по статистике

Министерства национальной экономики

Республики Казахстан

от 4 ноября 2014 года № 40

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz

сайтынан алуға болады

Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz




Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағаларын тіркеуге арналған деректерді енгізудің электрондық нысаны

Электронная форма ввода данных для регистрации цен на потребительские товары и услуги

Статистикалық нысан коды 7823108

код статистической формы 7823108




Ц-101э













Күн сайынғы

Ежедневная



Есепті кезең

Отчетный период














жыл

год


      1. Байқаудың базалық объектісі (тізімнен таңдау)

      Базовый объект наблюдения (выбор из списка) _________________________

      1.1 Базалық объектінің сипаттамасы

      Характеристика базового объекта

Атауы

Наименование


Код

Код


Мекенжайы

Адрес


Тіркеу күніндегі өкіл тауарлар (қызметтер) саны

Количество товаров (услуг) - представителей в день регистрации



      2. Базалық объектідегі өкіл тауар (қызмет) (тізімнен таңдау)

      Товар (услуга) - представитель в базовом объекте (выбор из перечня)

Коды

Код

Өкіл тауардың (қызметтің) атауы

Наименование товара (услуги) -представителя

Тіркеу күні

Дата регистрации

Тіркеу уақыты

Время регистрации







      3. Алғашқы статистикалық деректер

      Первичные статистические данные

1

Өкіл тауардың (қызметтің) атауы

Наименование товара (услуги) - представителя


2

Өлшем бірлігі

Единица измерения



Өткен кезең

Предыдущий период

3

Өкіл тауардың (қызметтің) мәртебесі

Статус товара (услуги) - представителя


4

Өкіл тауардың (қызметтің) сипаттамасы

Характеристика товара (услуги) - представителя


5

Өндірген ел

Страна производства


6

Бөлшектеп өлшеу

Расфасовка


7

Тіркеу сәтіндегі баға, теңге

Цена в момент регистрации, тенге


8

Қайта есептеу бағасы, теңге

Цена в пересчете, тенге



Есепті кезең

Отчетный период

9

Өкіл тауардың (қызметтің) мәртебесі (өткен кезеңмен салыстырмалыққа сәйкес таңдау)

Статус товара (услуги) - представителя (выбор согласно сопоставимости с предыдущим периодом)


10

Өкіл тауардың (қызметтің) сипаттамасы

Характеристика товара (услуги) - представителя


11

Өндіруші ел

Страна производства


12

Бөлшектеп өлшеу (көрсетіледі)

Расфасовка (указывается)


13

Тіркеу сәтіндегі баға, теңге (көрсетіледі)

Цена в момент регистрации, тенге (указывается) 


14

Қайта есептеу бағасы, теңге

Цена в пересчете, тенге


15

Баға индексі

Индекс цен


16

Ескерту

Примечание


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2014 жылғы 4 қарашадағы
№ 40 бұйрығына
2-қосымша

"Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағаларын тіркеуге арналған
деректерді енгізудің электрондық нысаны"
(коды 7823108, индексі Ц-101э, кезеңділігі күн сайынғы)
жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын
толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы "Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағаларын тіркеуге арналған деректерді енгізудің электрондық нысаны" (коды 7823108, индексі Ц-101э, кезеңділігі күн сайынғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағаларын тіркеуге арналған деректерді енгізудің электрондық нысаны" (коды 7823108, индексі Ц-101э, кезеңділігі күн сайынғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.

      2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:

      1) базалық объект – бағаны тіркеу үшін іріктеп алынған байқау объектісі;

      2) бөлшектеп өлшеу – тіркелген тауардың сандық (салмақтық) көрсеткіші;

      3) баға индексі – өткен кезеңмен салыстырғандағы есепті кезеңдегі бағалар деңгейі өзгерісінің салыстырмалы көрсеткіші;

      4) өкіл тауар (қызмет) – тауарлардың, қызметтердің сапасы мен негізгі тұтынушылық қасиеттеріне әсер етпейтін болмашы өзгешеліктерімен (бөлшектерімен) ерекшеленетін және өзінің тұтынушылық белгісі жағынан біркелкі тауар тобындағы тауарлардың нақты түрлерінің жиынтығы;

      5) өкіл тауардың (қызметтің) мәртебесі – бағаны тіркеу уақытында сатылымда тіркелетін тауардың, қызметтің бар, уақытша жоқ немесе болмауы және оның өткен кезеңмен салыстырмалылығын қамтамасыз ету;

      6) өндіруші ел – тауар өндіріліп шығарылған ел;

      7) тіркеу бағасы – сапасына, сату шарттары және уақыт кезеңі анық белгіленген нақты бөлшектеп өлшенген тауарға немесе көрсетілген қызметке төленген ақша бірлігінің саны.

      3. Баға мен тарифтерді базалық сауда объектілерінде және қызмет көрсету саласында тасымалданатын есептеуіш құрылғыны (бұдан әрі – ТЕҚ) қолдана отырып, электрондық тіркеуді статистика органдары жүзеге асырады.

      4. Статистикалық нысанның бірінші бөлімінде ТЕҚ-да тіркеу күніне жүктелген тізімнен бағаны тіркеуге қажетті нақты базалық объект және қажет жағдайда, 1.1 кіші бөлімінен оның толық сипаттамасы таңдалады.

      Екінші бөлімде тізімнен нақты базалық объектідегі бағасын тіркеуге жататын өкіл-тауар (қызмет) таңдап алынады.

      Үшінші бөлімде 1-2-жолдар тұтыну тауарлары мен қызметтерінің тізімінен және "Өлшем бірліктерінің мемлекетаралық жіктеуші" (ӨБМЖ) анықтамалығынан таңдалынады.

      Базалық объектілердің тізімі, тұтыну тауарлары мен қызметтерінің тізімі, тауарлар мәртебесінің анықтамалығы (бұдан әрі – ТМА) және ӨБМЖ тіркеу басталғанға дейін өңірлік органдардың баға жинау бойынша мамандарымен ТЕҚ-ға жүктеледі.

      5. 3-8-жолдарда автоматты түрде бағаны тіркеудің өткен кезеңінің ақпараты көрсетіледі.

      6. Есепті кезеңде 9-13-жолдар міндетті түрде толтырылады. 9-жол ТМА-дан таңдалады.

      10, 11-жолдарға деректер автоматты түрде 4, 5-жолдардан тасымалданады және есепті (9-жол) мен өткен (3-жол) кезеңдердегі тауар мәртебесінің сәйкестілігіне байланысты оларды түзетуі мүмкін.

      12-жолда тіркелген тауардың нақты бөлшектелген өлшемі көрсетіледі.

      13-жолда тіркелген тауардың, қызметтің нақты бөлшектелген өлшеміне баға енгізіледі. Баға теңге және тиынмен тіркелетін (үтірден кейін екі белгімен) тұрғын үй коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлеріне тарифтерден басқаларына бүтін сандармен көрсетіледі.

      14-жолда тіркеу бағасын (13-жол) стандартты өлшем бірлігіне автоматты түрде қайта есептеу жүзеге асырылады: 13-жол / 12-жол Х стандартты өлшем бірлігіндегі салмағы (саны).

      15-жолда қайта есептелген есепті кезеңдегі бағаны (14-жол) қайта есептелген өткен кезеңдегі бағаға (8-жол) бөліп, 100%-ға көбейткенде баға индексі автоматты түрде анықталады. Үтірден кейінгі бір белгіге дейін дөңгелектенеді.

      16-жол егер 15-жолдағы баға индексі 90%-дан кем болса немесе 110%-дан жоғары болса толтырылады. Өкіл-тауардың (қызметтің) баға өзгерісінің себебі, сонымен қатар өкіл-тауардың (қызметтің) сипаттамасы өзгерген жағдайда және басқасы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады