"Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10004 тіркелді

     «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 шілдеде № 9649 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 7 тамызда ресми түрде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Р. Мусиновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 18 қарашадағы
№ 237 бұйрығына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 2 шілдедегі 
№ 368 бұйрығымен    
бекітілген       

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік
заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі

Р/с №

Атауы (ХПА)

Өлшем бірлігі

Саны

Жарақаттар (қан кету, соғылу, сыну, буынның шығуы, күю), жарақаттану кезінде қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар

1.

Сутегі тотығы, 3% ерітіндісі

флакон

1

2.

Зарарсыздандырылған дәке бинті 5м х 10 см

дана

1

3.

Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м х 10 см

дана

1

4.

Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м х 14 см

дана

1

5.

Зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар

дана

1

6.

Зарарсыздандырылған таңу пакеті

дана

1

7.

Зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г

дана

1

8.

Қан тоқтатқыш жгут

дана

1

9.

Бактерицидті лейкопластырь

дана

5

10.

Медициналық лейкопластырь

дана

1

11.

Эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3,6

дана

бір-бірден

12.

Зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар

жұп

1

13.

Доғал ұшты қайшылар

дана

1

               Ескертпе:
      Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын қолдану бойынша ұсынымдар:
      Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде зардап шеккен адамдарға медициналық алғашқы көмек қобдишасының құрамына кіретін заттарды мынадай түрде қолдану ұсынылады:
      а) жол-көлік оқиғалары нәтижесінде зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету кезінде барлық манипуляцияларды мeдициналық қолғаптармен жасау қажет;
      б) ірі (магистральді) қан артерияларынан артериялық қан кету кезінде тамырды саусақпен басып, жазбада жгут салу уақытын көрсете отырып, зақымдалған жерден жоғары басып тұрған жерге қан тоқтататын жгутты және жарақатқа (қысып) байланатын таңғышты салу керек;
      в) жарақат болған кезде зарарсыздандырылған салфеткалар мен бинттерді немесе зарарсыздандырылған таңу пакетін пайдаланып, (қысып) байланатын таңғышты салу керек.
      Жарақаттан қан ақпаған кезде және қысып байланатын таңғышты салу мүмкіндігі болмаса, онда жарақатқа зарарсыздандырылған салфетканы салып, оны лейкопластырьмен бекіту керек. Ұсақ жарақаттар кезінде бактерицидтік лейкопластырьді пайдалану қажет.
Сутегі тотығы, 3% ерітіндісі
Сутегі тотығын механикалық тазалау және беткі жаралардан капиллярлық қан кетуді тоқтату үшін қолданады. Жарақатқа зарарсыздандырылған дәке салфеткалар салынады.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 368 "Об утверждении перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи"

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 18 ноября 2014 года № 237. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2014 года № 10004

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 2014 года «О дорожном движении», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 368 «Об утверждении перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 30 июля 2014 года № 9649, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 7 августа 2014 года) следующие изменения:
      Перечень лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи, утвержденный указанным приказом, изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Комитету контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан (Бейсен Н.Е.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) опубликование настоящего приказа в информационно-правовой системе «Әділет» в установленном законодательством порядке;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Мусинова С.Р.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
      и социального развития
      Республики Казахстан                       Т. Дуйсенова

Приложение          
к приказу Министра здравоохранения
и социального развития    
Республики Казахстан     
от 18 ноября 2014 года № 237  

Утвержден          
приказом Министра здравоохранения
и социального развития    
Республики Казахстан     
от 2 июля 2014 года № 368  

Перечень
лекарственных средств и изделий медицинского назначения
автомобильных аптечек первой медицинской помощи


п/п

Наименование (МНН)

Единица измерения

Количество

Лекарственные средства и изделия медицинского назначения применяемые при травмах (кровотечения, ушибы, переломы, вывихи, ожоги), ранениях

1.

Водорода перекись, раствор 3%

флакон

1

2.

Бинт марлевый стерильный 5м х 10 см

шт.

1

3.

Бинт марлевый нестерильный 5м х 10 см

шт.

1

4.

Бинт марлевый нестерильный 7м х 14 см

шт.

1

5.

Салфетки марлевые медицинские стерильные

шт.

1

6.

Пакет перевязочный стерильный

шт.

1

7.

Вата медицинская, гигроскопическая стерильная 50 г

шт.

1

8.

Жгут кровоостанавливающий

шт.

1

9.

Бактерицидный лейкопластырь

шт.

5

10.

Лейкопластырь медицинский

шт.

1

11.

Бинт эластичный трубчатый № 1, 3, 6

шт.

по 1

12.

Перчатки медицинские нестерильные

пара

1

13.

Ножницы тупоконечные

шт.

1

      Примечание:
      Рекомендации по применению автомобильных аптечек первой медицинской помощи:
      Средства, входящие в состав автомобильной аптечки первой медицинской помощи лицам, пострадавшим в результате дорожно-транспортных происшествий, рекомендуется применять следующим образом:
      а) при оказании первой помощи лицам, пострадавшим в результате дорожно-транспортных происшествий, все манипуляции выполнять в медицинских перчатках;
      б) при артериальном кровотечении из крупной (магистральной) артерии прижать сосуд пальцами, в точках прижатия наложить жгут кровоостанавливающий выше места повреждения, с указанием в записке времени наложения жгута, наложить на рану давящую (тугую) повязку;
      в) при наличии раны наложить давящую (тугую) повязку, используя стерильные салфетки и бинты или применяя пакет перевязочный стерильный.
      При отсутствии кровотечения из раны и отсутствии возможности наложения давящей повязки, наложить на рану стерильную салфетку и закрепить ее лейкопластырем. При микротравмах использовать лейкопластырь бактерицидный.
Водорода перекись, раствор 3%
Перекись водорода применяют для механической очистки и остановки капиллярных кровотечений из поверхностных ран. Накладывается на рану стерильной марлевой салфеткой.