Байланыс формасы

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 10070 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2016 № 434 (10.10.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 5-2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Смағұлов Б.А.) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Е. Досаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 124
бұйрығымен бекітілген  

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке
алуды жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды (бұдан әрі - Шарт), оған енгізілетін өзгерістерді есепке алу дегеніміз құрылыс салушы, жобалау компаниясы және үлескер туралы жүйеленген, кезең-кезеңімен толықтырылатын және нақтыланатын мәліметтер тізбесін білдіреді.
      3. Жобалау компаниялары Шарт немесе қосыша келісім жасалған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салынып жатқан тұрғын үйдегі үлес алаңы мен оның тұрған орнын көрсете отырып, шартты есепке алуды жүзеге асыру үшін құжаттарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.
      4. Есепке алуды жүзеге асыру:
      осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес формасы бойынша Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды тіркеу журналына (бұдан әрі - Журнал) жазба енгізу жолымен Шартты тіркеуді;
      уәкілетті және өзге де органдарға, сондай-ақ үлескерлерге ақпараттық қызмет көрсетуді;
      есепке алуды жандандыруды, оның ішінде күнін және есептен шығару себебін көрсете отырып, Шартты есептен шығаруды қосады.
      Журнал нөмерленеді, тігінденеді және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының мөрімен бекітіледі.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке
алуды жүзеге асыру тәртібі

      5. Шарттарды есепке алуды жүзеге асыру үшін жобалау компаниясы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына құжаттарды, оның ішінде мынадай мәліметтерді:
      1) жобалау компаниясының атауы туралы деректерді, заңды мекенжайын, телефонын, банктік деректемелерін;
      2) бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын;
      3) құрылыс объектісінің атауын;
      4) осы құрылыс объектісіндегі пәтерлердің санын;
      5) құрылысқа немесе оның кезеңіне рұқсатты;
      6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі бірінші кезеңге лицензияны қамтитын құжаттарды ұсынады.
      6. Шартты есепке қою облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына құжаттар берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде іске асырылады.
      7. Журналға мәліметтерді енгізгеннен кейін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жобалау компаниясына Шартты есепке алу жазбасы туралы тиісті үзіндіні береді.
      8. Жобалау компаниясы Шарт облыстың (республикалық маңызы бар қаланың астананың) жергілікті атқарушы органында есепке алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оны есепке алу жазбасы туралы үзіндіні үлескерге және банк-агентке табыс етеді.
      9. Шарттарды, оған енгізілетін өзгерістерді, сондай-ақ Шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруді есепке алу кезінде үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған үлеске құқықтарының болуы мәніне тексеру жүргізіледі. Мұндай құқықтар болған кезде, Шартты есепке алудан бас тартылады.
      10. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті органға ай сайынғы негізінде есепке алынған Шарттардың саны туралы ақпарат береді.
      11. Үлескерге салынған тұрғын үй ғимаратындағы оның үлесін беру туралы актіге қол қойылғаннан кейін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды тіркеу журналына Шартты есептен шығару туралы жазба енгізеді.
      12. Сондай-ақ Шарттарды есептен шығару бойынша ақпарат құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
      14. Шартты орындаудан бір жақты бас тартылған жағдайда, бастамашы-тарапымен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті органға Шартты орындаудан бір жақты бас тартуды есепке алу туралы өтініш ұсынылады. Бұл ретте бастамашы-тарап өтініш берілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде басқа тараптарды Шартты орындаудан бір жақты бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
      15. Тараптар бастамашы-тараптан Шартты орындаудан бір жақты бас тарту туралы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде өзара келісім бойынша кейіннен Шартты есептен шығару үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына бір-біріне наразылықтарының жоқтығын көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлайды.
      Тараптар өзара келісім бойынша Шартты бұзудан бас тартқан жағдайда, оны бұзу азаматтық заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 124 бұйрығына     
1-қосымша        

Форма

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу журналы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 № 637 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Құрылыс салушының немесе жобалау компаниясының атауы, олардың заңды мекенжайы, телефоны, банктік деректемелері, БСН.

Басшының А.Т.Ә

Жобалау компанияның құрылтайшылары (құрылыс салушы) туралы мәлеметтер - атауы, заңды мекенжайы, телефоны, банктік реквизиттері, БСН.

Құрылыс объектісінің атауы, мінездемесі.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы типтік шарттың нөмірі және мерзімі

Үлескер туралы ақпарат (А.Т.Ә, ЖСН, тұрған жерінің мекенжайы,

телефоны,

жеке куәлігінің деректері

Үлес туралы, алаңы және үлестің құны, қабаты және басқалары

Типтік шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер (№, мерзімі)

Типтік шартты бұзу туралы мәліметтер (№, мерзімі, негіздемесі)

Типтік шарты бойынша құқығын басқаға беру туралы мәліметтер

(№, мерзімі)

Типтік шарты бойынша талап ету құқығын пайдасына берілген тұлға туралы мәліметтер

(А.Т.Ә, ЖСН, тұрған жерінің мекенжайы,телефоны,  жеке куәлігінің деректері )

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады