«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 маусымда 728 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 21 маусымда № 68 «Астана ақшамы» және № 73 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне (бұдан әрі - Шешім) мынадай толықтыру енгізілсін:
Шешімге қосымша мынадай мазмұндағы 11-жолмен толықтырылсын:
«
11. |
«Газмаш» акционерлік қоғамы ауданындағы саяжай алабы - «Западный» саяжай алабы - «Жағалау» тұрғын үй кешені |
».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы З. Шибкенов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов