"Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 310/45-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қаңтарда № 873 болып тіркелді

      «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 маусымда 728 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 21 маусымда № 68 «Астана ақшамы» және № 73 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесінде:
      8-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       З. Шибкенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады