"Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 115-1878 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 865 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


  Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 12 қарашадағы
№ 115-1878 қаулысымен
бекітілді

"Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында энергетика саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болу құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешім қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Астана қаласының Энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынатын кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының аумағында энергетика саласын реттеу және басқару.

      15. Міндеттері:

      1) қалалық коммуналдық меншік объектілерін (энергетика объектілерінің инженерлік коммуникациялық желілері) салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру;

      2) энергетика кешені және энергетика саласындағы инженерлік инфрақұрылым жай-күйін күнделікті бақылауды жүзеге асыру;

      3) энергия кешенді және инженерлік инфрақұрылымды болашақта дамытуды жоспарлау;

      4) энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) энергетика саласындағы қалалық инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ететін заңды тұлғаларының қызметін үйлестіру;

      6) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      7) қызметкерлердің жылжуы мен жұмысқа алу кезінде гендерлік теңгерімнің нормасын сақтау;

      8) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық нормаларын сақтау.

      16. Функциялары:

      1) салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясы болмаған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету, энергетика объектілерінің инженерлік коммуникациялық желілерін салу, қайта жаңарту, жаңалау, қалпына келтіру бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      2) салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясы болмаған жағдайда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Астана қаласының электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету объектілерінің инженерлік коммуникациялық желілерін салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін алып қоюмен байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен тапсырыс берушінің жер учаскелерін босату жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

      3) энергетика және инженерлік коммуникацияларға қатысты объектілер бойынша жобалау құжаттамасын қарау және келісу;

      4) жергілікті бюджет қаражаты және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету инженерлік коммуникация желілері объектілерін жобалау және салу кезінде ескертулер мен ұсыныстар енгізу;

      5) мердігерлердің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау, энергетика объектілерін, жылу және электрмен қамтамасыз ету инженерлік коммуникациялық желілерін қайта жаңарту және құрылысы барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық қадағалауды жүргізу үшін инжинирингтік қызметтерін тарту;

      6) энергетика объектілері мен электр және жылумен қамтамасыз етудің салынған, қайта жаңартылған инженерлік коммуникациялық желілерін іске қосу бойынша қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

      7) уәкілетті органның қайтару негізінде бөлген қаражатын есепке алуды және қайтаруды қамтамасыз ету;

      8) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарау, олар бойынша шешім қабылдау;

      9) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты және ынтымақтасты ұйымдастыру;

      10) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және басқа да көмек көрсету;

      11) энергетика және электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етудің инженерлік инфрақұрылым саласында әкімдіктің әрекет ету бағдарламаларын әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау;

      12) энергетика және электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етудің инженерлік инфрақұрылым саласында өңірлік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу және оларды іске асыру;

      13) инженерлік зерттеулер, жобалау, құрылыс, қайта жаңарту, қалпына келтіру, ұйымдастыру және электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етудің инженерлік инфрақұрылымды күрделі жөндеу саласында нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;

      14) Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігі негізінде берілген сыртқы займдар және басқа көздер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға, салуға және қайта жаңартуға конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      15) инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Астана қаласының әлеуметтік–экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу;

      16) Астана қаласының электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етудің инженерлік коммуникациялық желілер құрылысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте құрылыс–монтаждау жұмыстарын өткізуге құқығы бар заңды және жеке тұлғаларды тарту жолымен салуды ұйымдастыру;

      17) Астана қаласының энергетика кешенін және инженерлік инфрақұрылымын стратегиялық дамыту бағдарламасын әзірлеу, тиімділігі жоғары технологияларды енгізуге бағытталған энергетика кешенінде және инженерлік инфрақұрылымындағы бірыңғай ғылыми–техникалық саясатты іске асыру бойынша әзірлеуге қатысу;

      18) энергетика кешені мен электр энергиямен және жылумен қамтамасыз ету инженерлі коммуникациялық желілерді дамытудың ағымдағы және болашақты дамыту жоспар-болжамын әзірлеуді ұйымдастыру;

      19) энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру;

      20) электрэнергия нарығының қызметін бақылау және талдау;

      21) жылыту маусымына дайындалу және өткізу бойынша іс-шараларды өткізуге бақылауды жүзеге асыру;

      22) энергокешенін және электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету инженерлік коммуникациялық желілерін болашақта дамытуды жоспарлау;

      23) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және басқа да мемлекеттік органдарға есеп беруді ұйымдастыру;

      24) Астана қаласының энергетика кешені мен электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету инженерлік инфрақұрылымының жағдайына күнделікті жедел бақылауды жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Астана қаласы әкімдігінің және әкімінің (бұдан әрі – әкім) энергетика және электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету инженерлік инфрақұрылым желілері саласына қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      26) энергетика кешені мен электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету инженерлік инфрақұрылым қызметінің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімдіктің қаулыларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді, нормативтік құқықтық акілердің дайындалуын ұйымдастыруды орындау тәжірибесін талдауды жүзеге асыру және қорытындылау;

      27) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарау;

      28) энергетика мен электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету инженерлік инфрақұрылымы саласында заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік, құқықтық қызмет көрсету және жұмыстарын үйлестіру;

      29) өз құзыреті шегінде энергетика мен электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету инженерлік инфрақұрылым саласындағы басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      30) қуаты 100 Гкал/сағ. дейінгі энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын беру;

      31) есеп құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін электр және жылумен қамтамасыз ету бойынша коммуналдық қызметтерді пайдаланудың нормаларын бекіту;

      32) инновациялық технологиялар мен энергия үнемдеуді енгізу саласындағы жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;

      33) тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру;

      34) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

      35) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тесеруді жүргізу;

      36) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуге келісу;

      37) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру;

      38) қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауды және салуды келіседі;

      39) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді.

      17. Құқықтары және міндеттері:

      1) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрау және алу;

      2) инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдағы нормаларды, ережелерді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініш білдіру;

      3) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету;

      4) әкімдіктің қатысуымен заңды тұлғаларды құру, қайта құру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныс енгізу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру;

      6) заңнамада белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу;

      7) Астана қаласының энергетика саласы мен электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету инженерлік коммуналдық инфрақұрылымына қызмет көрсету, коммуналдық қызметтерді жеткізу, тұрғын және тұрғын емес қорды бұзу және жөндеу жұмыстарын жақсарту туралы бағдарламалар, ұсыныстар әзірлеу;

      8) апатты жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысын Әкім қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттілігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманы өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;

      8) шарттарды жасасады және қол қояды, сенімхаттар береді;

      9) өзінің құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың коммуналдық меншік болып табылатын жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлардан және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Басқарманың теңгерімінде көрсетілетін басқа да мүліктен тұрады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады