Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасын бекіту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № А-2/31 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 наурызда № 4025 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-2/35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 26.01.2016 № А-2/35 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ.Айтмұхаметов

Ақмола облысы әкімдігінің  
2014 жылғы 3 ақпандағы № А-2/31
қаулысымен бекітілді    

Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасы

      1. Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жалпы қоғамдық моральдық-этикалық нормаларға негізделген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының тәртібін белгілейді.
      2. Мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде осы Қағидамен мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі таныстыруы тиіс.
      3. Танысқаннан кейін Қағида мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде сақталады.
      4. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жұмысының барысында:
      1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
      3) өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл сапалы және әділ атқаруға;
      4) өзінің кәсіби қызметінде мемлекеттік және қызметтік мүдделерді өз мүдделерінен жоғары санауға;
      5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі;
      6) мүдделер дауларының алдын алу және реттеу бойынша шара қолдануы;
      7) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
      8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
      9) қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімділігін сақтауға және нығайтуға;
      10) қызметтік ақпараттың таратылуына жол бермеуге;
      11) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
      12) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
      13) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
      14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
      15) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
      16) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
      17) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
      18) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
      19) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
      20) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесуге;
      21) моралдық-психологиялық төзімділікке, ұстамдылыққа ие болуға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен ілтипаттылық танытуға;
      22) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
      23) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
      24) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер беруге;
      25) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
      26) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
      27) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
      28) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстануға тиіс.
      5. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі керек.

Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих исполнительных органов Акмолинской области

Постановление акимата Акмолинской области от 3 февраля 2014 года № А-2/31. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 4 марта 2014 года № 4025. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 26 января 2016 года № А-2/35

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акмолинской области от 26.01.2016 № А-2/35 (вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан», акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила служебной этики государственных служащих исполнительных органов Акмолинской области.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить
на руководителя аппарата акима Акмолинской области.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким области                               К.Айтмухаметов

Утверждены постановлением   
акимата Акмолинской области  
от 3 февраля 2013 года № А-2/31

Правила служебной этики государственных служащих исполнительных органов Акмолинской области

      1. Настоящие Правила служебной этики государственных служащих исполнительных органов Акмолинской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 1 октября 2013 года № 651 «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года № 1567 «О Кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан» и определяют порядок поведения государственных служащих исполнительных органов Акмолинской области, финансируемых из местного бюджета, основанные на общепринятых морально-этических нормах.
      2. Государственный служащий в трехдневный срок после поступления на государственную службу должен быть ознакомлен службой управления персоналом государственного органа с настоящими Правилами.
      3. После ознакомления Правила хранятся в службе управления персоналом государственного органа.
      4. Государственным служащим в своей служебной деятельности следует:
      1) руководствоваться принципом законности, требованиями Конституции, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      2) быть приверженными политике Президента Республики Казахстан и последовательно проводить ее в жизнь, своими действиями укреплять авторитет государственной власти, не допускать совершения действий, способных дискредитировать институты государства;
      3) честно, беспристрастно, качественно и добросовестно исполнять свои служебные обязанности;
      4) признавать в своей профессиональной деятельности приоритет государственных и служебных интересов над личными;
      5) не допускать коррупционных правонарушений либо деяний, сопряженных с коррупцией или создающих условия для коррупции, противостоять коррупции, быть нетерпимыми к любым ее проявлениям, от кого бы они не исходили;
      6) принимать меры по предотвращению и урегулированию конфликта интересов;
      7) неукоснительно соблюдать государственную и трудовую дисциплину, эффективно распоряжаться предоставленными полномочиями; добросовестно, беспристрастно и качественно исполнять свои служебные обязанности; рационально использовать рабочее время;
      8) обеспечивать соблюдение и защиту прав, свобод и законных интересов физических и юридических лиц, не допускать проявлений бюрократизма и волокиты при рассмотрении их обращений, в установленные сроки принимать по обращениям необходимые меры;
      9) сохранять и укреплять доверие общества к государственной службе, государству и его институтам;
      10) не допускать разглашения служебной информации;
      11) способствовать укреплению единства народа Казахстана и межнационального согласия в стране, уважительно относиться к государственному и другим языкам, традициям и обычаям народа Казахстана;
      12) быть честными, справедливыми, скромными, соблюдать общепринятые морально-этические нормы, в обращении с гражданами и коллегами проявлять вежливость и корректность;
      13) противостоять действиям, наносящим ущерб интересам государства, препятствующим эффективному функционированию государственных органов;
      14) служить примером уважительного отношения к государственным символам Республики Казахстан;
      15) соблюдать установленные законами Республики Казахстан ограничения и запреты;
      6) не оказывать предпочтения физическим и юридическим лицам, быть независимыми от их влияния при исполнении должностных обязанностей;
      17) не использовать служебное положение для оказания влияния на деятельность государственных органов, организаций, государственных служащих и иных лиц при решении вопросов личного характера;
      18) не допускать случаев подбора и расстановки кадров по признакам родства, землячества и личной преданности;
      19) не требовать от подчиненных государственных служащих исполнения поручений, выходящих за рамки их должностных обязанностей, не принуждать других лиц к совершению противоправных проступков;
      20) не допускать и пресекать факты нарушения норм служебной этики со стороны других государственных служащих;
      21) обладать морально-психологической устойчивостью, выдержанностью, проявлять корректность и внимательность в обращении с гражданами и должностными лицами;
      22) своими действиями не давать повода для обоснованной критики со стороны общества, не допускать преследования за критику, использовать конструктивную критику для устранения недостатков и улучшения своей деятельности;
      23) не допускать по отношению к подчиненным работникам необоснованных обвинений, фактов грубости, унижения человеческого достоинства, бестактности, некорректного поведения;
      24) в процессе исполнения поручений руководителей предоставлять только объективные и достоверные сведения;
      25) обеспечивать сохранность государственной собственности, рационально, эффективно и только в служебных целях использовать вверенную государственную собственность, включая автотранспортные средства;
      26) способствовать установлению и укреплению в коллективе деловых взаимоотношений и конструктивного сотрудничества;
      27) повышать свой профессиональный уровень и квалификацию для эффективного исполнения служебных обязанностей;
      28) строго придерживаться делового стиля в одежде в период исполнения своих служебных обязанностей.
      5. Государственные служащие во внеслужебное время должны придерживаться общепринятых морально-этических норм, не допускать случаев антиобщественного поведения.