"Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/420 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 қазанда № 4387 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № А-7/280 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 13.06.2016 № А-7/280 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 4 қыркүйектегі
№ А-8/420 қаулысымен
бекітілген

"Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жер қатынастары саласындағы қызметтерді Ақмола облысының аумағында басшылық етуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
      4. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіріседі.
      5. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кірісуге құқылы, егер ол осыған заңнамаға сәйкес өкілетті болған жағдайда.
      6. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте басшының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1 үй, "Б" корпусы.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты осы Ереже болып табылады.
      11. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және облыстық бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      12. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі мәселелері, қызметтері, құқықтары және міндеттері

      13. Миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 06.05.2015 № А-5/202 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Мәселелері:
      1) Қазақстан Республикасы Жер кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен және облыстың жергілікті атқарушы органының құқықтық актілерімен белгіленген, өз құзыретінің шегінде Ақмола облысының аумағында жер қатынастарын реттеу;
      2) Ақмола облысының жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасауына бағытталған шараларды реттеу, олардың сапалық жағдайын көтеру, жерді пайдалану мен қорғау үшін мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      3) толық бағалы мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыруды ұйымдастыру және оны, автоматтандырылған технологияларға ауыстыру, заманауи технологияларға негізделген жер қатынастарын реттеу жүйесін жетілдіру.
      15. Функциялары:
      1) жер қойнауын пайдалану (өндіру бойынша; бірлескен барлау және өндіру бойынша; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдарды, мұнай және газ өндеу объектілерді, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес индустриялды–инновациялық қызметі субъектілерінің индустриялды–инновациялық жобалары үшін, инвестициялық басымды жобаларды жүзеге асыру, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін, жер учаскелерін беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезінде және оларды өндіру, магистральды құбыр жолдарын салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерді мемлекеттік қажеттілігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
      2) мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарына және олардың тәжірибелік шаруашылықтарына, мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтарына және асыл тұқымды мал зауыттарына, ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру жөніндегі және су қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін, жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) Қазақстан Республикасы Жер кодексіндегі 13-бабының 3)-тармақшасымен (бұдан әрі - Кодекс) қарастырылған жағдайларды қоспағанда, ал сондай-ақ Кодекстің 90-бабымен қарастырылған, орман қорының жерлерін қоспағанда, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда, барлық санаттағы жерден жер учаскелердi, соның ішінде мемлекеттік қажеттілігі үшін жер учаскелерді беру және алып қою бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      5) Кодекспен белгіленген құзыретінің шегінде жер учаскелерінің насаналы мақсатын өзгерту бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      6) жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстар дайындау;
      7) өз құзыретінің шегінде, мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелердің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      8) өз құзыретінің шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      9) жерге орналастырудың жүргізуін ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      10) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және бағдарламаларын, жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      11) өз құзыретінің шегінде жердің сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламаларына, жобалары мен схемаларына сараптама өткізу;
      13) өз құзыретінің шегінде жер учаскені сатып алу-сату шарттарын және жалдау мен жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және қол қойылған шарттардың ережелерін орындау үшін бақылауды жүзеге асыру;
      14) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректерінің негізінде облыстың жер балансын жасау;
      15) Кодекстің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалану үшін облыстың жергілікті атқарушы органымен рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау;
      16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;
      17) Кодекстегі 50-бабының 2-тармағында көрсетілген, жер учаскелердiң шектi (ең жоғары) мөлшерлерiн, ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелердiң шектi (ең жоғары) және ең аз мөлшерлерiн белгілеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
      18) Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      19) Кодекстің 69-бабына сәйкес, жария сервитуттарын белгілеу бойынша ұсыныстар дайындау;
      20) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде, аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және оларға басшылық жасау;
      21) мемлекеттік қызмет көрсету;
      22) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      23) Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп иеліктен шығарылған тұлғалар туралы орталық уәкілетті органға ақпарат ұсыну;
      24) Кодекстің 94-бабына қарасты 2-тармағының 3-бөлігіне сәйкес жер учаскесіне қатысты ауыртпалықты анықтау және тоқтату үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі өтінішті уәкілетті органға беру.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 06.05.2015 № А-5/202 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 05.04.2016 № А-5/150 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Құқықтары және міндеттері:
      1) өз қызметінің саласында жер қатынастарын дамыту мақсаттары, басымдықтары және стратегиясы бойынша ұсыныстарды облыс әкімдігіне енгізу;
      2) жер қатынастары мәселесі бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелердің иелерінен және жер пайдаланушылардан қажетті ақпаратты заңнамамен белгіленген тәртіпте сұрап алу;
      3) жер қатынастары саласында қызметін атқаратын, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерінен және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарынан заңнамамен белгіленген тәртіпте есепті және ағымдағы ақпаратты сұрап алу;
      4) жер қатынастары саласында жергілікті атқарушы органдарымен қабылданған нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу, жергілікті атқарушы органға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу бойынша, жер заңнамасына қарсы келетін актілердің күші жойылған деп тану немесе актілердің күшін жою туралы ұсыныстарды енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер бойынша жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды тиісті органдарға енгізу;
      6) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғандарға қатысты шаралар қолдану үшін ұсыныстарды тиісті органдарға енгізу;
      7) сот органдарында өзінің атынан, сондай-ақ әкімдіктің және облыс әкімінің атынан талапкер ретінде болуға, жер заңнамасы мәселелері бойынша қорытындыны сот, құқық қорғау, қоғамдық және басқа органдарда, мекемелерде және ұйымдарда беру;
      8) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жұмыс тиімділігін арттыру бойынша және жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолдану бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізу;
      9) жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыратын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша және жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолдану бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдеріне кепілдемелерді енгізу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысымен "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылығы жүзеге асырылады.
      18. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің басшысы облыс әкімімен лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.
      19. Басшының өкілеттігі:
      орынбасарының, жер қатынастары басқармасының бөлім басшыларының және "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің басқа қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыру және оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешеді;
      "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
      "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің, штат саны лимитінің шеңберінде құрылымды, штаттық кестені, қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемелерде, басқа ұйымдарда "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің өкілі болады;
      өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және оны дербес жауапкершілігіне алады;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды және мемлекеттік мекемелерде, басқа ұйымдарда оның өкілі болады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері, ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның міндеттерін орындайтын тұлғамен жүзеге асырылады.
      20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының, лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.
      Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Заңнамамен көзделген жайдайларда "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеменің бекітілген мүлкі облыстық коммуналдық мүлігіне жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады