"Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № А-9/483 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қазанда № 4429 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Т.С.Бөлтеновке жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 2 қазандағы
№ 9/483 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өз құзыреттілігінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бұйрықтар түрінде құқықтық актілер шығарады.
      7. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83.
      9. Мемлекеттiк органның толық атауы: "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер де, "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері

      13. Миссиясы: облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін қолайлы өмірлік жағдай құруда мемлекеттік саясатты жүргізуге ықпал ететін облыс әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдаумен және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      1) "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдық қамтамасыз ету;
      2) "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
      3) "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, орталық атқарушы органдарымен, облыстық мәслихатпен, облыстың мемлекеттік органдарымен, саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес және басқа ұйымдармен өзара әрекет етуін қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер-Министрінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру;
      облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
      облысты басқару схемасын әзірлеу;
      жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      Ақмола облысының аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
      аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің және әкімдерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері аппараттарының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;
      облыстың әлеуметтік саласы және ішкі саясат саласындағы қызметті үйлестіру;
      өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
      Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру;
      гендерлік саясатты жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      ведомствоаралық мәселелер, сондай-ақ облыс аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризмнің алдын алу, сонымен қатар облыс аумағында терроризмнің салдарын минимализациялау және (немесе) жою саласында құқық қорғау органдарымен өзара әрекет етуді ұйымдастыру және үйлестіру;
      сыбайлас жемқорлықпен күресу, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктерімен сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша қабылданып жатқан шараларға талдау жүргізу мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      облыс әкімінің қатысуымен іс-шараларды, облыс әкімдігінің мәжілістерін ұйымдастыру;
      заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуына ішкі аудиттің (бақылаудың) орындалуын және жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
      облыс әкімімен халыққа есеп беру кездесулерін өткізуді ұйымдастыру;
      аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерімен халыққа есеп беру кездесулерін өткізуді үйлестіру;
      кадрлық саясатты ұйымдастыру, облыс әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды, әкім аппаратының қызметкерлерін тағайындауды, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, жұмыстан босатуды, олардың біліктілігін жетілдіруді ұйымдастыру;
      кадрлық резервті қалыптастыру;
      Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын және өзге де мемлекеттік жоспарлаудың жүйесін орындамағаны үшін жергілікті мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу;
      облыстағы кадрлық комиссияларын саясаттың ұйымдастыру;
      сайлауға дайындалуды ұйымдастыру;
      әкімдіктер мен мәслихаттардың Орталық, облыстық және төменгі тұрған сайлау комиссияларымен өзара әрекет етуін қамтамасыз ету;
      индустрияның дамуын талдау және инвестицияларды тарту;
      облыстың ауыл шаруашылық салаларының дамуын талдау;
      облыстың өндіріс саласының дамуын талдау;
      Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің жобаларын әзірлеу;
      облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
      облыс әкімдігі қаулылары, облыс әкімі шешімдері мен өкімдері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестілігін зерделеу;
      облыс әкімінің және әкімдігінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу;
      облыс әкімінің және әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының наразылық-талап арыз жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      алқа билерге үміткерлердің тізімдерін құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің норма шығармашылық қызметін үйлестіру, прокурорлық ықпал етудің енгізілген актілерін және наразылық-талап арыз жұмыстарын талдау;
      қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, жоғарғы тұрған және төменгі тұрған мемлекеттік органдармен және облыстық ұйымдармен құжат айналымын ұйымдастыру;
      облыс әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын электрондық құжат айналымы жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
      ақпараттық жүйелерді құруды ұйымдастыру;
      облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің интернет-ресурстарының қызмет етуін үйлестіру;
      облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметін үйлестіру;
      жергілікті мемлекеттік басқарудың мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтің ұсынылуына талдауды жүзеге асыру;
      мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      облыстың халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру;
      мемлекеттік құпияларды қорғаудың мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      Ақмола облысы әкімінің аппаратын материалды-техникалық қамтамасыз ету;
      мемлекеттік органдардың жабдықтау қызметін орындау және мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы ұйымдардың қызметін үйлестіру;
      жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысу;
      аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;
      жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
      әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан құжаттарды сұратуына және алуына;
      2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруына;
      3) облыс, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің және активтерінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, облыстың мемлекеттік органдарымен өткізілетін іс-шараларға қатысуына;
      4) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері аппараттарының қызметшілерін облыс әкімдігімен және әкімімен қаралатын құжаттарды дайындауға тартуына;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де уәкілеттіліктерді жүзеге асыруына құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басқару жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақмола облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшының өкiлеттiлігi:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      2) "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда ұсынады;
      3) "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте облыс әкімі аппаратының қызметкерлерін марапаттау, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      5) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені және облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелері басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын облыс әкімінің бекітуіне енгізеді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де уәкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде, оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.
      21. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      22. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін дербес жауапты болады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығындағы заңнамамен қарастырылған жағдайларда негізделген мүлкін болады.
      "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан тұрады.
      24. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      25. Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Ақмола облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақмола облысы аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Ақмола облысы әкімі аппаратының мамандандырылған базасы мемлекеттік мекемесі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады