Атбасар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 5С 28/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қарашада № 4451 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 6С 2/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.04.2016 № 6С 2/13 (қол қойылған күннен бастап күшіне еңіп және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Атбасар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қамбатыров А.Т
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Атбасар ауданының әкімі А.Никишов

  Атбасар аудандық мәслихатының
2014 жылғы 27 қазандағы
№ 5С 28/6 шешіміне
қосымша

Атбасар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары


Елді мекен атауы
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
1.
Атбасар қаласы
- шағын алаң Восточная көшесі, 4
- Жеңіс сквері, Жеңіс көшесі
2.
Покровка ауылдық округінің, Покровка ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Мәдениет көшесі, 54
3.
Покровка ауылдық округінің, Садовое ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Достық көшесі, 2а
4.
Борисовка ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Бейбітшілік көшесі, 40
5.
Полтавка ауылдық округінің, Полтавка ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Центральная көшесі, 41
6.
Новосельское ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Солнечная көшесі, 25
7.
Макеевка ауылдық округінің, Шуйскі ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Целинная көшесі, 14
8.
Макеевка ауылдық округінің, Макеевка ауылы
- ауылдың алаңы, Центральная көшесі, 9
9.
Новоалександровка ауылдық округінің, Новоалександровка ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Байғара көшесі, 32
10.
Мариновка ауылдық округінің, Адыр станциясы
- ауылдың шағын алаңы, Элеваторная көшесі, 2а
11.
Мариновка ауылдық округінің, Бейіс Хазірет ауылы
- ауылдың шағын алаңы, Жастар көшесі, 5а
12.
Мариновка ауылдық округінің, Мариновка ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Ленина көшесі, 59/1
13.
Тельман ауылдық округінің, Тельман ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Ленина көшесі, 1
14.
Тельман ауылдық округінің, Поповка ауылы
- ауылдық клуб ғимараты алдындағы алаң, 9 мамыр көшесі, 24/1
15
Ярославка ауылдық округінің, Тимашевка ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Гагарина көшесі, 5
16.
Ярославка ауылдық округінің, Магдалиновка ауылы
- ауылдық клуб ғимараты алдындағы алаң, Центральная көшесі, 37
17.
Ярославка ауылдық округінің, Хрящевка ауылы
- ауылдық клуб ғимараты алдындағы алаң, Озерная көшесі, 13
18.
Ярославка ауылдық округінің, Родионовка, Калиновка ауылдары
- Родионовка ауылының шағын алаңы, Школьная көшесі, 13
19.
Сергеевка ауылдық округінің, Сергеевка ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Көкше көшесі, 17
20.
Сергеевка ауылдық округінің, Самарка ауылы
- ауылдық клуб ғимараты алдындағы алаң, Есіл көшесі, 1
21.
Сергеевка ауылдық округінің, Ащыкөл ауылы
- ауылға кіреберіс алдындағы шағын алаң, Мәдениет көшесі, 1
22.
Шұңқыркөл ауылдық округінің, Новомариновка ауылы
- ауылдың шағын алаңы, М.Сәкенов көшесі, 14
23.
Сочинское ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Бейбітшілік көшесі, 18
24.
Сепе ауылы
- әкімдік ғимараты алдындағы алаң, Орталық көшесі, 1
25.
Есенгелді ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Мира көшесі, 34
26.
Октябрь ауылдық округінің, Октябрь ауылы
- ауылдық Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Ленина көшесі, 6
27.
Октябрь ауылдық округінің, Қаракөл ауылы
- ауылдың шағын алаңы, Набережная, көшесі, 18
28.
Октябрь ауылдық округінің, Қосбармақ ауылы
- ауылдың шағын алаңы, Раздольная көшесі, 25

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады