Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 76 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 наурызда № 4056 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 87 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, "Жергілікті басқару органдарын қайта ұйымдастыру және атқарушы органдардың құрылымы мен штат саны лимитін бекіту туралы" Астрахан аудан әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 246 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінің мемлекеттік тіркеу үшін әділет органына жіберілсін.
      3. "Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ереже бекіту туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 47 Астрахан ауданының әкімдігінің қаулысының күші жойылсын.
      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

  Астрахан ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 5 наурыздағы № 76
қаулысымен бекітілді

Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мемлекеттік мекемесі), Астрахан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 246 қаулысымен құрылды және сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Астрахан ауданының әкімдігі болып табылады.
      3. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер оған заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл Фараби көшесі, 50.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласының мемлекеттік саясатын жүргізу, қалыптастыру және жүзеге асыру.
      14. Міндеттері: мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері өз құзырының аясында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады, ауданды әлеуметтік-экономикалық кешенді дамытуда ағымдағы және алдағы міндеттерді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізеді;
      2) қызметтер үйлестіреді, құрылыс үрдісіне әдістемелік және оперативтік басшылық жасайды;
      3) бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын іске асыруды қадағалайды;
      4) жобаларды мемлекеттік сараптау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық, және жеке мүдделерін қорғау мәселелері бойынша инспекциялаудың аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет жасайды;
      5) Астрахан ауданының коммуналдық меншік объектілерінің құрылысы мен қайта құрылымы бойынша тапсырыс берушілер қызметін орындайды;
      6) жобалау ұйымдары инспекциялары, мемлекеттік сәулет-құрылыс тексеру, мемлекеттік жоба қорытындысы құрылымдары арасындағы өзара әрекет етуді ұйымдастырады;
      7) құрылысты, қайта салуды, жаңартуды, күрделі жөндеуді жобалау мәселелерін реттейтін құрылыстық нормаларды, ережелер мен мемлекеттік стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
      8) заңмен белгіленген тәртіпте, тұрғын үй-коммуналдық, коммуналдық, өндірістік және өндірістік емес маңыздағы құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастырады және оған қатысады;
      9) мемлекеттік тұрғын үй саясатының негізгі қағидаларын халыққа түсіндіру мен кеңес беруді іске асырады;
      10) бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес, құрылыс және қайта жаңарту объектілері бойынша конкурстар ұйымдастыру, жүргізу және мекеме бюджеттік бағдарламалар әкімгері болып табылатын орталық көздерден қаржыландырылатын жобалау, құрылыс, қайта жаңарту, мекемені жөндеу және жабдықтау, тұрмыстық-коммуналдық маңыздағы объектіні сатып алу бойынша өткізілген конкурстар бойынша деректер мониторингін жүзеге асырады;
      11) мемлекеттік мекемені күтіп ұстау қызметтерін сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырады және өткізеді;
      12) ауданның елді мекендерін сумен қамтуды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
      13) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген аудан аумағының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, бас жоспарларын, аудан елдi мекендерi құрылысын дамыту және жүргізу схемасын іске асыру;
      14) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) іске асыру;
      15) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын, құрылыс салудың схемасын әзірлеуді, ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      16) аудан аумағында елді мекендерді құрылыстау және схемаларын дамыту, бас жоспарлардың жобаларын келісімдеу және қарауын;
      17) ауданның басқа бөлімдерімен бірлесіп ауданда құрылыс жүргізу, көркейту және көгалдандырудың алдағы және ағымдағы жоспарын талқылауға қатысу, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар, инженерлік құрылыстар және коммуникациялар құрылысы туралы ұсыныстар әзірлейді және оларды белгіленген үлгідегі тәртіпке қарауға ұсыну;
      18) сәулет-жоспарлау тапсырмасын негiзгi өлшемдерiне және оны нақты жер учаскесiне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ осы елдi мекен үшiн қала құрылысының регламенттерiне сәйкес белгiленетiн, жобалау мен құрылысқа қойылатын мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер дайындау;
      19) нобай және жұмыс жобаларын объектілер (кешендер) құрылыс объектілерiн қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін келiсу;
      20) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіпте жүргізу;
      21) пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      22) нысанның құрылыс жүргізу үшін қажет жер учаскесін таңдау актісін келісу;
      23) елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат беру;
      24) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) филиалдар және өкілдердің жарнама қызметi мәселелерi бойынша өтiнiштерiн қарау;
      25) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      26) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      27) алкоголь өнімдерін сататын қойма және станционарлық үй–жайлардың балалар мекемелері мен білім ұйымдарының шекарасына дейінгі ара қашықтығының сәйкестігін анықтайды, сондай-ақ, лицензия берушіге қорытынды береді;
      28) өз құзіреті шегінде құрылыс жүргізушілер мен құрылыс ұйымдарынан мекемелер мен ғимараттар құрылыс бойынша жұмыс өндірісіне байланысты, қажет жоба-сметалық материалдарды, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін лицензияларын, жоба-сметалық құжаттардың сараптамасын және басқа құжаттарды ұсынуларын талап етеді;
      29) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзу және толықтыру;
      30) аудандағы елді мекендердің жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмір берумен.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) қажетті жағдайларда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, жоба-сметалық құжаттарды сараптауға, құрылыс материалдарының, конструкциялар мен детальдардың сапасын анықтау бойынша сынау және зерттеу жұмыстарына рұқсат беретін лицензия талап етуге;
      2) кәсіпорындармен қолданыстағы техникалық нұсқаудың бұзушылығымен орындайтын топографо-геодезиялық және инженерлік-геологиялық қарастыруын және бөліктелген жұмыстың өндірісін тоқтату туралы нұсқау беру;
      3) құрылыс объектілерінде апаттың туындау себебін зерттеуге қатысуға;
      4) аудан аумағындағы сәулет-құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне меншік түріне, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан міндетті болып табылатын аумақтарды көркейтуге, көгалдандыруға, құрылыс жүргізуге, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша өз құзыретінің шегінде шешім қабылдау;
      5) ауданда жаңа тұрғын үй, қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру бөлімінде, күрделі құрылыс базаларын дамытуда экономикалық-әлеуметтік жоспарларды әзірлеуге және келісуге қатысуға;
      6) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында белгіленген қызметтерді мемлекеттік нормативтік талаптарда, жағдайларда және шектеуде, заңнама нормаларынан ауытқу және бұзушылық жіберулеріне байланысты бұзушыларға қарастырылған заңнама шараларын қолдану туралы өкілетті органдарға ақпарат беру;
      7) аудан аумағында пайдаланымға енгізілген объектілерді қабылдауға қатысуға;
      8) өз құзыреті шегінде бекітілген құжаттамаға сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруды қадағалауды ұйымдастыру;
      9) құрылыс мәселелеріне қатысты бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға құқылы;
      10) өз құзыретінің шегінде құрылыс жүргізуші ұйымдарға бекітілген жобаны, құрылыстарға жанама құрылыс жүргізуге, техникалық жағдайларына және жұмыс өндірісінің Ережелерін сақталуын бұзу арқылы және өз бетімен құрылыс жүргізушілерге құрылысты тоқтату туралы нұсқау беруге, ол туралы аудандық әкімдікті, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарын, ал қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарын хабарландыруға;
      11) азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарастыруға;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылық жасауды Астрахан ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Басшысы орындалуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілікте болады.
      19. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) мекеме мамандарының міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
      3) заңнамаға сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) мекеме мамандарына заңнама мен белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза қолданады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда мекемені ұсынады;
      6) сенімхаттарды береді;
      7) банк шоттарды ашады;
      8) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлкі (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады