Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-7 "Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 5С-36-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қарашада № 4471 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 5С-40-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.02.2015 № 5С-40-8 (қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2013 жылғы 24 мамырда жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Осы Астрахан ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне», 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулыларына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 353-ө «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.»;
      10-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) «Халыққа қызмет көрсету орталығына» немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына хабарласады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9 тармағының 2 бөлімімен анықталған құжаттарды ұсынады.»;
      1112 және 13 тармақтар алынып тасталсын.
      15-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Қажет болған жағдайда, тұрғын үй көмегін көрсетуге шешім қабылдау үшін, сәйкес уәкілетті органдардан мәлімет сұрастырады.»;
      17 тармақ алынып тасталсын.
      келесі мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын:
      «19-1. Он сегіз жасқа дейінгі ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-ана құқығынан айырылса, балалар қамқоршылардың (асыраушылар) отбасында деп есептеледі.»;
      келесі мазмұндағы 21 тармақпен толықтырылсын:
      «21. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының
      сессия төрайымы                            Ж.Дүйсекеева

      Астрахан аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В.Собеский

      КЕЛІСІЛДІ

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады