Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 30/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 4104 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 40/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 25.02.2015 № 40/3 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3562 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтарда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі;
      Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 «Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 17/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3755 тіркелген, 2013 жылғы 7 маусымда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы                  С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Есіл ауданының әкімі                       Қ.Рахметов

Есіл аудандық мәслихатының  
2014 жылғы 18 наурыздағы № 30/4
шешімімен бекітілген   

Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

      Осы Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (әрі қарай – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленді және Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
      Ескерту. Қағиданың кіріспе бөлімі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 35/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) келесі төлемдер бойынша шығындарды өтеу үшін көрсетіледі:
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау шығыстарға;
      тұрғын үйдің иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      2. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй–жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді орган белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің айырмасы есебінде отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 11 % мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу ақысының белгіленген мөлшерінің нормасынан артығы жалпы негізде жүргізіледі.
      3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасына бір адамға 18 шаршы метр қабылданады. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасына жалғыз басты тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метр қабылданады.
      Электр энергиясы шығынының нормасы нақты тұтыну мөлшерінде белгіленсін, бірақ айына бір адамға 75 киловаттан көп емес.
      Пәтерде қолданбалы газды плитасы бар жағылған газ шығынының мөлшері бір адамнан тұратын отбасында – газ шығыны 8 килограммға тең, екі және үш адамнан тұратын отбасында – 10 килограмм, төрт және одан көп адамнан тұратын отбасында – айына 8 килограммнан екі газ баллон.
      Жеке салынған пешпен жылытатын үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің есебіне көмірдің нормасын баспананың 1 шаршы метріне 49,75 килограмм, бірақ жылына отбасына 5 тоннадан асырмай есептеледі.
      Статистикалық деректерге сәйкес, өткен тоқсанда қалыптасқан көмірдің орташа құны қабылданады.
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүргізетін уәкілетті органы болып «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленді.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      5. Тұрғын үй көмегі құжаттарды берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл жерде коммуналдық қызметке отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табысы есепке алынады.
      Отбасының (азаматтың) табысы өзгергенде, тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер ақысының сомасы өзгерген кезде «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептеуді жүргізеді.
      Тым артық немесе заңсыз тұрғын үй көмегінің тағайындалуына алып келген көрінеу дәйексіз мәліметтерді ұсынған жағдайда отбасы (азамат) заңсыз алған соманы ерікті түрде, бас тартқан жағдайда-сот тәртібімен қайтарады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 35/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Өтініш қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсетуді тағайындау және нәтижелерін беру «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 35/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Алынып тасталды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 35/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Тұрғын үй көмегі жеке меншігінде бір бірлік тұрғын үйі (пәтер, үйі) бар немесе тұрғын жайларды жалға беретін (қосымша жалға беретін), сонымен қатар еңбекке қабілетті отбасының мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда (медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж мүгедектер мен 80 жастан асқан қарттарға күтім көрсететін азаматтардан басқа) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тоқсан сайын тағайындалады.
      9. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, егер:
      1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау ақысы, телекоммуникация желісіне қосылған, телефон абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметі және коммуналдық қызметті тұтыну, тұрғын үй–жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы отбасының осы мақсаттарға шекті жол беретін шығыстар деңгейінен жергілікті өкілді орган белгілеген, отбасының ортақ кірісінен 11 % мөлшерінен аспаса;
      2) алынып тасталды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 35/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 9 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 35/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. Алынып тасталды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 35/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. Алынып тасталды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 12.11.2014 № 35/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы, өтініш берушілердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      13. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады