Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қарашадағы № 35/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 4498 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 ақпандағы № 11/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 02.02.2017 № 11/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеудің келесі тәртібі анықталсын:
      1) үйде оқытуға жұмсаған шығындар (мемлекет толық қамтамасыз етіп отырған мүгедек балалар мен ата-аналары ата-аналық құқықтарынан айырылған мүгедек балалардан басқалары) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының біреуіне және өзге де заңды өкілдеріне, отбасының табысына қарамастан өтеледі;
      2) жұмсаған шығындар мүгедектігі туралы анықтамасы мен "Ақмола облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық медициналық педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген өтініш берген айдан бастап, мерзімнің аяқталуына дейін өтеледі;
      3) жұмсаған шығындар қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға өтеледі. Шығындарды өтеудің тоқтатылуына алып келген жағдайлар (18 жасқа толу, мүгедектер қатарындағы кемтар баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау) туындаған кезде төлем тиісті жағдайлар орын алған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу – ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде анықталсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат
хатшысы
С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ
      Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады