Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 98/14-5 "Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 194/27-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 4082 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 278/40-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.02.2015 № 278/40-5 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулыларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 98/14-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3707 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 мамырда «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
      1 тармақтың бесінші азат жолы алынып тасталсын;
      2 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      «2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, тұрғын көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілген шығыстар үлесі отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
      9 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
      «9. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) келесі құжаттары қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   М.Байшолақов

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р.Түлкібаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Целиноград ауданының әкімі                 Б.Мауленов

О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 29 марта 2013 года № 98/14-5 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Целиноградском районе"

Решение Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 14 марта 2014 года № 194/27-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 8 апреля 2014 года № 4082. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 25 февраля 2015 года № 278/40-5

      Сноска. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2015 № 278/40-5 (вступает в силу со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», постановлениями Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 «О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», от 3 декабря 2013 года № 1303 «О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» и от 26 июня 2012 года № 856 «Об утверждении Правил постановки на учет граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде», Целиноградский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Целиноградского районного маслихата «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Целиноградском районе» от 29 марта 2013 года № 98/14-5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3707, опубликовано 3 мая 2013 года в районных газетах «Вести Акмола», «Ақмол ақпараты») следующие изменения:
      в Правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Целиноградском районе, утвержденных указанным решением:
      абзац пятый пункта 1 исключить;
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентной платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливается в размере 7 процентов к совокупному доходу семьи.»;
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Жилищная помощь назначается на основании заявления собственника или нанимателя (поднанимателя) жилья и прилагаемых к нему следующих документов:
      1) копии документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копии правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копии книги регистрации граждан либо адресной справки, либо справки сельских и/или аульных акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;
      4) документов, подтверждающих доходы семьи;
      5) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;
      8) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявляемого местным исполнительным органом.».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      сессии Целиноградского
      районного маслихата                        М.Байшолаков

      Секретарь Целиноградского
      районного маслихата                        Р.Тулькубаев

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Целиноградского района                Б.Мауленов