Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 сәуірде № 3835 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.02.2015 № 55 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 45-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;
      2) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптары;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері;
      4) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері бекітілсін.
      2. «Актөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М.Тағымовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
 
 

      Облыс әкімі

А.Мұхамбетов

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі

А.Мамытбеков


Облыс әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 83 қаулысымен бекітілді

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
 

Субсидиялау бағытының атауы
 

Өлшем бірлігі
 

1 басқа субсидия нормативі, теңге
 

Қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
 

бас
 

5 000
 

   


Облыс әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 83 қаулысымен бекітілді

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

      1) Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы;
      2) Қолдан ұрықтандыру бойынша арнайы дайындық курста өткен және тиісті құжаттары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің реестрінде тіркелген техник-ұрықтандырушы маман-кадрлармен қамтамасыз етілуі;
      3) Дистрибьютерлік орталықтармен аталық бұқалардың ұрықтарын сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартының болуы;
      4) 400 бастан кем емес аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша жұмысты сапалы өткізуді қамтамасыз ету;
      5) Аналық мал басын, жақсартатын тұқымдардың аталық бұқаларының ұрығымен қолдан ұрықтандыруды жүргізу.
 


Облыс әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы 
№ 83 қаулысымен бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдері

      Ескерту. Субсидиялар көлемдері жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.08.2014 № 282 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 

Көрсеткіштер атауы
 

Өлшем бірлігі
 

2014 жылға субсидиялар көлемдері
 

субсидияланатын көлем
 

субсидия сомасы, мың теңге
 

1
 

2
 

3
 

4
 

Етті бағыттағы мүйізді ірі қара малына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
 

бас
 

5 000
 

100 000
 

Тауарлы етті бағыттағы мүйізді ірі қара малына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
 

бас
 

40 000
 

720 000
 

Сүтті бағыттағы мүйізді ірі қара малына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
 

бас
 

2 307
 

46 140
 

Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
 

бас
 

120 000
 

180 000
 

Ет тұқымды бағыттағы аталық бұқаларды күтіп-бағу
 

бас
 

1 480
 

153 920,0
 

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық мал басын қолдан ұрықтандыру
 

бас
 

10 000
 

50 000,0
 

Ет өнімділігі бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
 

бас
 

х
 

х
 

Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен
 

бас
 

1 627
 

325 400,0
 

Асыл тұқымды мүйізді ірі қара малы
 

бас
 

320
 

37 760,0
 

Сүт өнімділігі бағыттағы мүйізді ірі қара мал төлдерін импорттау, оның ішінде:
 

бас
 

х
 

х
 

Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан және Украинадан
 

бас
 

200
 

23 600,0
 

Отандық тауар өндірушілерден асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал төлдерін сатып алу, оның ішінде:
 

бас
 

х
 

х
 

отандық селекциядағы
 

бас
 

4 150
 

639 100,0
 

Асыл тұқымды төлдерді сатып алу, оның ішінде:
 

бас
 

х
 

х
 

қойлар
 

бас
 

10 606
 

84 847,0
 

жылқылар
 

бас
 

513
 

20 520,0
 

Барлығы:
 

х
 

х
 

2 381 287,0
 

   


Облыс әкімдігінің
2014 жылғы 26 наурыздағы 
№ 83 қаулысымен бекітілген

Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

      Ескерту. Субсидиялар көлемдері жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.08.2014 № 282 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 


 

Өнімдердің атауы
 

Өлшем бірлігі
 

2014 жылға субсидиялар көлемдері
 

субсидияланатын көлем
 

субсидия сомасы, мың теңге
 

1
 

сиыр еті, оның ішінде:
 

тонна
 

2 759
 

536 580
 


1 деңгей
 

тонна
 

2 005
 

441 100
 


2 деңгей
 

тонна
 

100
 

17 000
 


3 деңгей
 

тонна
 

654
 

78 480
 

2
 

шошқа еті 1 деңгей
 

тонна
 

6 120
 

599 760
 

3
 

қой еті
 

тонна
 

150
 

15 000
 

4
 

жылқы еті
 

тонна
 

300
 

27 600
 

5
 

сүт, оның ішінде:
 

тонна
 

11 960
 

216 500
 


1 деңгей
 

тонна
 

6 460
 

161 500
 


2 деңгей
 

тонна
 

0
 

0
 


3 деңгей
 

тонна
 

5 500
 

55 000
 

6
 

қымыз
 

тонна
 

180
 

10 800
 

7
 

құс еті 3 деңгей
 

тонна
 

1 700
 

85 000
 

8
 

шұбат
 

тонна
 

48
 

2 640
 

9
 

тағамдық жұмыртқа 1 деңгей
 

мың дана
 

100 000
 

300 000
 

10
 

бұқашықтарды субсидиялаудың 1 деңгейіндегі мал бордақылау алаңдарына өткізу
 

бас
 

10 000
 

150 000
 


Барлығы:
 

х
 

х
 

1 943 880
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады