Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 86 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 236 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 тамызда № 3985 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 229 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 24.06.2015 № 229 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 86 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3863 болып тіркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      мына мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентінің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      7-тармақта "қосымшасына" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
      регламенттің қосымшасында "қосымша" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
      мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      7-тармақта "қосымшасына" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
      регламенттің қосымшасында "қосымша" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
      мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Облыс әкімінің м.а.

Р.Кемалова


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 86 қаулысына
4-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 16 шілдедегі № 236
қаулысына 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 86 қаулысына
2-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 236 қаулысына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 86 қаулысына
2-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 236 қаулысына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады