Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қыркүйекте № 9753 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексiнiң 16-бабы 1-бөлігі 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын және кәсiптiк білім беру мен оларды кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 наурыздағы № 147 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7723 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 442-449 (27523) санында; 2012 жылғы № 11 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми түрде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz. интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _______________ А. Сәрінжіпов

      2014 жылғы 25 тамыз


  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2014 жылғы 18 тамыздағы
  № 516 бұйрығымен бекітілген

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм алуын ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2019 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм алуын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм алуын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. ҚАЖ мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік оқу мекемелері (бұдан әрі – мектеп) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды және мектептің Жарғысын басшылыққа алады.

      3. Мектептер "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) облыстар және Астана, Алматы, Шымкент қалалары ҚАЖ органдарының ұсынымы бойынша, облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармаларымен келісу бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мектепте оқу процесі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген), сондай-ақ "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31666 болып тіркелген) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мектепте оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, ҚАЖ кәсіпорындарының екі ауысымдық жұмысы кезінде оқу сабақтары екі ауысымда ұйымдастырылады және аптасына 5-6 күн өткізіледі.

      Мектепте оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасын құрайды.

      6. Мектепке қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар арасынан жүзеге асырылады және білімі туралы құжаттардың негізінде техникалық және кәсіптік білім алуы үшін ұйымдастырылады. Білімі туралы құжаттары болмаған жағдайда мектеп директоры сотталған оқыған білім беру ұйымы қарамағына жататын облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармаларына сұрау салу жолдайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мекеме әкімшілігі оқу жылы кезеңінде оқытуға жататын сотталғандарды оқу сыныптарына шығуын қамтамасыз етеді.

      8. Мектеп директоры мен педагогикалық қызметкерлер ҚАЖ мекемесінің Тәрбиешілер жасағы кеңесінің және Оқу-тәрбие кеңесінің құрамына кіреді, ҚАЖ мекемесі әкімшілігімен бірлесіп сотталғандармен өткізілетін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарға қатысады.

      9. Мектеп директоры ҚАЖ мекемесі бастығының келісімі бойынша мектептің басшы, педагогтік қызметкерлерін, техникалық персоналын тағайындайды және лауазымнан босатады.

2-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм алуын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2019 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Сотталғандарды мектепке қабылдау ҚАЖ мекемесінің бастығымен келісілген мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді. ҚАЖ мекемелеріне оқу жылы басталғаннан кейін келген сотталғандарды мектепке қабылдау жеке істеріндегі деректер негізінде жүргізіледі.

      11. Сабақ кезеңдерінде білім алушыларды сабақтан қол үзумен байланысты мерзімнен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынады.

      Емтихан тапсыру үшін білім алушылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан босатылады.

      12. Мектепті бітірген сотталғандарға мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Осы құжат, сондай-ақ үлгерімі және сабаққа қатысу табелі сотталғандардың жеке істерінде сақталып, жазасын өтеуден босатылғаннан кейін қолдарына беріледі.

      13. ҚАЖ мекемесінің түрін өзгертуге, ол ауырған жағдайда не болмаса оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, ҚАЖ мекемесiн қайта ұйымдастыруға немесе таратуға, өндiрiстік қажеттілікке байланысты болмаса оқу жылы кезеңінде білім алушыларды ҚАЖ-дың бір түзеу мекемесінен екіншісіне ауыстыруға жол берілмейді.

      14. Тәртіптік изоляторға қамалған, бір адамдық камераға ауыстырылған, қауіпсіз жерде болу кезеңінде, сондай-ақ жазаны өтеудің қатаң жағдайларында болу кезеңінде мектептің білім алушылары мектепке шығарылмайды. Оларға дербес оқу және оқытушылардан консультациялар алу мүмкіндігі беріледі.

      15.ҚАЖ-дың емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы, уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өз бетінше алуы үшін жағдайлар жасалады. Сотталғандарға өз бетінше оқу және оқытушылардан консультациялар алу мүмкіндігі беріледі. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға оқытушылар қажетті әдістемелік және консультациялық көмекті жеке тәртіпте көрсетеді. ҚАЖ-дың емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы, уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға әдістемелік және консультациялық көмек жеке не топтарда ұйымдастырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 92 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі:

      1) міндетті жалпы білім беру және кәсіптік оқытуға жататын сотталғандардың есебін жүргізеді;

      2) мектеп әкімшілігінің, педагогикалық қызметкерлердің және техникалық персоналдың сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша ҚАЖ мекемесінің бөлімдері мен қызметтерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимылы қамтамасыз етеді;

      3) мектептің педагогикалық ұжымына ҚАЖ мекемесінің сотталғандарды оқыту, түзеу мәселелері бойынша қызметін реттейтін құқықтық және әдістемелік құжаттарды зерделеуде көмек көрсетеді;

      4) мектеп қызметкерлерінің ҚАЖ мекемесінде белгіленген режимдік талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      5) мектеп қызметкерлерінің ҚАЖ мекемелерінің аумағында болған уақытында олардың қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауды қамтамасыз етеді;

      6) сотталғандардың мектепте сабаққа қатысуын күнделікті бақылауды жүзеге асырады.

      17. Мектептің педагогикалық ұжымы:

      1) ҚАЖ мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп міндетті білім алуға жататын жасы отызға толмаған және жалпы орта білімі жоқ сотталғандарды толық қамтуды қамтамасыз ету жұмысын жүргізеді;

      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін ұйымдастырады;

      3) сотталғандардың сабақтарға дайындалуына, өз бетінше білім алу әдістерін меңгеруіне, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, оларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту жұмысына көмек көрсетеді;

      4) ҚАЖ мекемесі әкімшілігінің алдында оқудағы және тәртіп сақтаудағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу туралы ұсыным жасайды;

      5) оқу-әдістемелік құралдардың, жабдықтар мен басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

      18. Сотталғандардың техникалық және кәсіби білім алуы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Білім туралы заң) 17-бабына сәйкес жүзеге асырылады және қоғамдық-пайдалы кәсіби қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті жұмысшылар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған.

      19. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кәсіби даярлығы Білім туралы заңның 32-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады және білім алушылардың нақты жұмыс түрлерін орындауға қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіби дағдыларды жеделдетілген түрде меңгерулеріне бағытталған.

      20. Оқытылатын кәсіптер мен мамандықтар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) еңбек нарығындағы ағымдағы және болашақтағы кадрларға деген қажеттілік мониторингін ескере отырып, жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі анықтайды.

      21. Сотталғандар тізбеден кәсіп пен мамандықты таңдауды ерікті түрде жүзеге асырады.

      22. Кәсіби практиканы ұйымдастыру Білім туралы заңның 38–бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Кәсіби практика ҚАЖ кәсіпорындарында жүргізіледі және оқу үрдісінде алынған білімдерін бекітуге және тәжірибелік дағдыларды алуға бағытталған.

      24. Мекемеде оқытылатын кәсіп бойынша өндірістік объектілер немесе өндірістік база болмаған жағдайда еңбек практикасы ҚАЖ мекемелерінің оқу шеберханаларында жүзеге асырылады.

      25. Практикалық сабақтар оқытушылар құрамы мен ҚАЖ мекемесі әкімшілігінің тұрақты бақылауымен жүргізіледі.

3-тарау. Мектептердің қызметін қаржымен қамтамасыз ету

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2019 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ мектептердің үй-жайларын ұстауға байланысты шығындар (коммуналдық қызмет көрсетулер, ағымдағы жөндеу және өзге де шығындар), қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеу қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Басшылық және педагогикалық қызметкерлердің, оқу-тәрбие қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу білім беруге көзделген жергілікті қаражат есебінен жүргізіледі.

Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 сентября 2014 года № 9753.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п.5

      В соответствии с подпунктом 8) части 1 статьи 16 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 марта 2012 года № 147 "Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, профессионального образования и профессиональной подготовки осужденных к лишению свободы" (зарегистрированный в государственном Реестре нормативных правовых актов за № 7723, опубликован в газете "Казахстанская правда" от 1 августа 2012 года № 245-246 (27064-27065); Собрание актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан от 27 августа 2012 года № 11).

      3. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Бердалин Б.М.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) официальное опубликование настоящего приказа в информационно-правовой системе "Әділет" и официальных средствах массовой информации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан www.mvd.gov.kz.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Комитет уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Бердалин Б.М.).

      5. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2015 года.

Министр

генерал-лейтенант полиции

"Согласовано"

Министр образования и науки

Республики Казахстан

_____________ А. Саринжипов

25 августа 2014 года



К. Касымов


  Утверждены
приказом Министра внутренних
дел Республики Казахстан
от 18 августа 2014 года № 516

Правила
организации получения начального, основного среднего, общего среднего,
технического и профессионального образования осужденных
к лишению свободы

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 24.06.2019 № 573 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы (далее – Правила) определяют порядок организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденными к лишению свободы в учреждениях уголовно-исполнительной системы (далее – УИС).

      2. Общеобразовательные и профессиональные учебные заведения в учреждениях УИС (далее – школа) в своей деятельности руководствуются Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящими Правилами и Уставом школы.

      3. Школы создаются решением местных исполнительных органов по представлению органов УИС областей и городов Астана, Алматы, Шымкент по согласованию с управлениями образования областей, городов Астана, Алматы, Шымкент в соответствии с приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 31 августа 2022 года № 385 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 29329) "Об утверждении типовых правил деятельности организаций дошкольного, начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, специализированных, специальных, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, организациях дополнительного образования для детей и взрослых.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.04.2023 № 331 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. В школе учебный процесс осуществляется в соответствии с приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 ноября 2012 года № 500 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8170) "Об утверждении типовых учебных планов начального, основного среднего, общего среднего образования Республики Казахстан, а также приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 1 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 31666) "Об утверждении типовых учебных программ цикла или модуля общеобразовательных дисциплин для организаций технического и профессионального, послесреднего образования.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.04.2023 № 331 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Учебный год в школе начинается 1 сентября, при двухсменной работе предприятий УИС учебные занятия организуются в две смены и проводятся 5-6 дней в неделю.

      Продолжительность учебного года в школе составляет 36 учебных недель.

      6. Прием в школу осуществляется из числа осужденных, не имеющих начального, основного среднего и общего среднего образования и организуется для получения технического и профессионального образования на основании документов об образовании. При отсутствии документов об образовании директор школы направляет запросы в управления образования областей и городов Астана, Алматы, Шымкент в ведении которых находится организация образования, в которой обучался осужденный.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 26.04.2023 № 331 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Администрация учреждения в период учебного года обеспечивает вывод осужденных, подлежащих обучению, в учебные классы.

      8. Директор школы и педагогические работники входят в состав Совета воспитателей отрядов и Учебно-воспитательный совет учреждения УИС, участвуют совместно с администрацией учреждения УИС в воспитательной и социально-психологической работе с осужденными.

      9. Директор школы по согласованию с начальником учреждения УИС назначает и освобождает от должности руководящих, педагогических работников, технический персонал школы.

Глава 2. Порядок организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденными к лишению свободы

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 24.06.2019 № 573 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Зачисление в школу осужденных оформляется приказом директора школы, согласованным с начальником учреждения УИС. Зачисление в школу осужденных, прибывших в учреждение УИС после начала учебного года, производится на основании данных, имеющихся в личных делах.

      11. В период занятий не допускается привлечение учащихся к сверхурочным работам, связанным с отрывом от учебы.

      Для сдачи экзаменов учащиеся освобождаются от работы в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      12. Осужденным, окончившим школу, выдается документ государственного образца. Этот документ, а также табель успеваемости и посещаемости хранятся в личных делах осужденных и выдаются им на руки при освобождении от отбывания наказания.

      13. В период учебного года не допускается перевод учащихся из одного учреждения УИС в другое, если это не вызвано изменением вида учреждения УИС, болезнью, либо обеспечением его безопасности, реорганизацией или ликвидацией учреждения УИС, производственной необходимостью.

      14. Учащиеся школ, водворенные в дисциплинарный изолятор, переведенные в одиночные камеры, в период нахождения в безопасном месте, а также в период пребывания в строгих условиях отбывания наказания, на занятия в школу не выводятся. Им предоставляется возможность самостоятельного обучения и консультаций с преподавателями.

      15. Осужденным, отбывающим пожизненное лишение свободы, находящимся в лечебных профилактических учреждениях УИС, дисциплинарных изоляторах, одиночных камерах, помещениях временной изоляции, а также переведенным в учреждения смешанной безопасности для обеспечения правопорядка в учреждениях УИС создаются условия для самостоятельного получения начального, основного среднего, общего среднего образования. Осужденным предоставляется возможность самостоятельного обучения и консультаций с преподавателями. Осужденным к пожизненному лишению свободы преподаватели оказывают необходимую методическую и консультативную помощь в индивидуальном порядке. Осужденным, находящимся в лечебных профилактических учреждениях УИС, дисциплинарных изоляторах, одиночных камерах, помещениях временной изоляции, а также переведенным в учреждения смешанной безопасности для обеспечения правопорядка в учреждениях УИС, методическая и консультативная помощь организуется индивидуально либо в группах.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 06.02.2020 № 92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Администрация учреждения УИС:

      1) ведет учет осужденных, подлежащих обязательному общеобразовательному и профессиональному обучению;

      2) обеспечивает взаимодействие администрации, педагогических работников и технического персонала школы с работниками частей и служб учреждения УИС по вопросам обучения, воспитания осужденных;

      3) оказывает помощь педагогическому коллективу школы в изучении правовых и методических документов, регламентирующих деятельность учреждения УИС по вопросам обучения, исправления осужденных;

      4) осуществляет контроль за соблюдением работниками школы режимных требований, установленных в учреждении УИС;

      5) обеспечивает безопасность и охрану труда работников школы во время нахождения их на территории учреждения УИС;

      6) осуществляет ежедневный контроль за посещением осужденными занятий в школе.

      17. Педагогический коллектив школы:

      1) проводит совместно с администрацией учреждения УИС работу по обеспечению полного охвата подлежащих обязательному обучению осужденных, не достигших тридцатилетнего возраста и не имеющих общего среднего образования;

      2) организует образовательный процесс в соответствии с учебными планами и программами;

      3) оказывает помощь в подготовке к занятиям, овладении методами самообразования осужденных, в их духовно-нравственном воспитании, социальной адаптации и реабилитации;

      4) ходатайствует перед администрацией учреждения УИС о поощрении обучающихся за успехи в учебе и соблюдении дисциплины;

      5) обеспечивает сохранность учебно-методических пособий, оборудования и другого имущества.

      18. Техническое и профессиональное образование осужденных осуществляется в соответствии со статьей 17 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее – Закон об образовании) и направлено на подготовку квалифицированных рабочих и специалистов среднего звена по основным направлениям общественно-полезной профессиональной деятельности.

      19. Профессиональная подготовка осужденных к лишению свободы осуществляется в соответствии со статьей 32-1 Закона об образовании и направлена на ускоренное приобретение обучающимися новых или измененных профессиональных навыков, необходимых для выполнения определенного вида работ.

      20. Перечень обучаемых профессий и специальностей (далее – перечень) определяется администрацией учреждения УИС по согласованию с местными исполнительными органами с учетом мониторинга текущих и перспективных потребностей рынка труда в кадрах.

      21. Выбор профессии и специальности из перечня осуществляется осужденными на добровольной основе.

      22. Организация профессиональной практики осуществляется в соответствии со статьей 38 Закона об образовании.

      23. Профессиональная практика проводится на предприятиях УИС и направлена на закрепление знаний, полученных в процессе обучения и приобретение практических навыков.

      24. В случае отсутствия в учреждении производственных объектов либо производственной базы по обучающей профессии, трудовая практика осуществляется в учебных мастерских учреждений УИС.

      25. Практические занятия проходят под постоянным контролем преподавательского состава и администрации учреждения УИС.

Глава 3. Финансовое обеспечение деятельности школ

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 24.06.2019 № 573 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      26. Приобретение оборудования, а также расходы, связанные с содержанием помещений школ (коммунальные услуги, текущий ремонт и прочие затраты), оплата труда обслуживающего персонала, производится за счет средств учреждений уголовно-исполнительной системы. Оплата труда руководящих и педагогических работников, учебно-воспитательного персонала, приобретение и доставка учебников и учебно-методических комплексов производится за счет средств местных бюджетов, предусмотренных на образование.