Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10013 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаменті (А.Х. Баймурзин) заңда белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_______________ А. Сәрінжіпов
2014 жылғы 26 қыркүйек

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
________________ Т. Дүйсенова
2014 жылғы 19 қараша

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________ Қ. Қасымов
2014 жылғы 22 қыркүйек


Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 399, Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 19 қарашадағы № 240,
Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 630 бірлескен     
бұйрығымен бекітілген  

Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп
соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері

      1. Осы Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және адамдарды әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шегушілерге жатқызудың негіздерін айқындайды.
      2. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер пайдаланылды:
      1) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау – жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау;
      2) зардап шегуші – оған қатысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың нысанына қарамастан, ол жасалған жеке адам;
      3) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
      4) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу.
      3. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады:
      1-блок - күш көрсету зорлық-зомбылығы;
      2-блок - психологиялық зорлық-зомбылық;
      3-блок - экономикалық зорлық-зомбылық;
      4-блок - сексуалдық зорлық-зомбылық.
      4. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам қатыгез қараудан зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.
      5. Егер блоктардың бірі бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, адам тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты әрекеттердің нәтижесінде қатыгез қараудан зардап шеккен деп танылады.
      6. Адамды саудаға салу кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады:
      1-блок – адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адам ұрлау;
      2-блок – адамға қатысты жасалған әрекеттер;
      3-блок – адамға қатысты пайдаланылған құралдар;
      4-блок – адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адам ұрлаудың мақсаттары;
      5-блок - адамға келтірілген зиян.
      7. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам қатыгез қараудан зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.
      8. Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, жалпы нәтижесі 25 және одан жоғары балл болса, адам адамды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ адамды ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде қатыгез қараудан зардап шеккен деп танылады.
      Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, 3-блокты қоспағанда (субъектіге қатысты пайдаланылған құралдар), жалпы нәтижесі 20 және одан жоғары балл болса, кәмелетке толмаған адам кәмелетке толмағандарды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде қатыгез қараудан зардап шеккен деп танылады.

Әлеуметтік бейімсіздікке және
әлеуметтік депривацияға әкеп
соққан қатыгездікпен қараудың
бар-жоғын бағалау    
критерийлеріне      
1-қосымша         

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және
әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың
бар-жоғын бағалау кезінде балдар беру

№ р/с

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған шекті көрсеткіштер

1

Күш көрсету зорлық-зомбылығы

1.1

Тән ауруына ұшырататын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

3 балл

1.2

Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер

2 балл

1.3

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

5 балл

1.4

Адамның өмiрiне қауiптi емес және зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру

5 балл

1.5

Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру

5 балл

2

Психологиялық зорлық-зомбылық

2.1

Дөрекілік, қорлау, балағаттау, қорқыту, бопсалау, ізіне түсу және адамның теріс эмоциялық реакциясы мен жан күйзелісін тудыратын басқа әрекет (әрекетсіздік)

3 балл

2.2

Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу

5 балл

2.3

Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар болған кезде

5 балл

3

Экономикалық зорлық-зомбылық

3.1

Жеке басты куәландыратын, меншікке құқық белгілейтін, әрекеттер жасауға құқық беретін құжаттардан айыру

3 балл

3.2

Тіршілік қызметі үшін қажетті ақшалай қаражаттан айыру

2 балл

3.3

Тұрғын үйінен айыру

5 балл

3.4

Тіршілік қызметі үшін қажетті тамақтан айыру

4 балл

3.5

Тіршілік қызметі үшін қажетті киімнен айыру

3 балл

4

Сексуалдық зорлық-зомбылық

4.1

Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау

5 балл

4.2

Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау

5 балл

4.3

Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету

5 балл

Әлеуметтік бейімсіздікке және
әлеуметтік депривацияға әкеп
соққан қатыгездікпен қараудың
бар-жоғын бағалау    
критерийлеріне      
2-қосымша         

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу,
оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау
кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға
әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау
кезінде балдар беру

№ р/с

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған шекті көрсеткіштер

1.

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың нысаны

1.1

Сексуалдық пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/сексуалдық пайдалану

5 балл

1.2

Еңбекте пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/еңбекте пайдалану

5 балл

1.3

Баланы/қызды заңсыз асырап алу мақсатында кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу

5 балл

1.4

Қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу

5 балл

1.5

Адамның ағзаларын және тіндерін заңсыз алу мақсатында адамды саудаға салу

5 балл

2.

Адамға қатысты жасалған әрекеттер

2.1

Сатып алу-сату, өзге мәмілелер (сыйға тарту, айырбастау, жалға беру, адамды мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында адамды беру және басқалар)

5 балл

2.2

Адамды пайдалану:
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;
- кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;
- адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;
- кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер.

5 балл

2.3

Азғырып-көндіру – жәбірленушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, соның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса, құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу.

5 балл

2.4

Тасу – адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, соның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-әрекет.

5 балл

2.5

Беру – жәбірленушіні оны пайдаланатын адамға тікелей беру.

5 балл

2.6

Жасыру – жәбірленушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыру (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жәбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенділігінің төмендеуіне дәрі-дәрмек арқылы ықпал ету).

5 балл

2.7

Алу – адамды пайдалану немесе одан әрі беру үшін оны тікелей алу.

5 балл

2.8

Пайдалану мақсатында ұрлау

5 балл

2.9

Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру

5 балл

3

Адамға қатысты пайдаланылған құралдар

3.1

Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту

5 балл

3.2

Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану

5 балл

3.3

Алдау немесе сенімге қиянат жасау

5 балл

3.4

Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану

5 балл

3.5

Материалдық немесе өзге де тәуелділікті пайдалану

5 балл

3.6

Психикасының бұзылуын немесе дәрменсiз күйін пайдалану

5 балл

3.7

Жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жою

5 балл

4

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың мақсаты

4.1

Мүліктік сипаттағы пайда алу

5 балл

4.2

Мүліктік емес сипаттағы пайда алу

5 балл

5

Адамға келтірілген зиян

5.1

Тән ауруына ұшырататын, бiрақ зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

5 балл

5.2

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

5 балл

5.3

Адамның өмiрiне қауiптi емес, денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру

5 балл

5.4

Адамның өмiрiне қауiптi, көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуын тудырған не түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулыққа өзге зиян келтiру

5 балл

Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации

Совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 сентября 2014 года № 630, Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 сентября 2014 года № 399 и Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года № 240. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2014 года № 10013

      В соответствии с пунктом 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года «О специальных социальных услугах» ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить прилагаемые Критерии оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации.
      2. Департаменту криминальной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Баймурзин А.Х.) обеспечить в установленном законом порядке:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан Демеуова М.Г.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
 
 

Министр образования и науки
Республики Казахстан
__________________ А. Саринжипов
26 сентября 2014 года

Министр здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
__________________ Т. Дуйсенова
19 ноября 2014 года

Министр внутренних дел
Республики Казахстан
__________________ К. Касымов
22 сентября 2014 года
 




Утверждены
совместным приказом
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 26 сентября 2014 года № 399,
Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 19 ноября 2014 года № 240,
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 22 сентября 2014 года № 630

Критерии оценки наличия жестокого обращения, приведшего
к социальной дезадаптации и социальной депривации

      1. Настоящие критерии оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и депривации (далее - Критерии), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года «О специальных социальных услугах» и определяют основания отнесения лиц к пострадавшим от жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации.
      2. В настоящих Критериях использованы следующие понятия:
      1) жестокое обращение, приведшие к социальной дезадаптации и социальной депривации – действия, совершенные в форме бытового насилия, торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иных видов их эксплуатации, а также похищения людей независимо от наличия факта возбуждения уголовного производства по поводу совершенных действий;
      2) пострадавший – физическое лицо, в отношении которого совершено жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации, независимо от его формы;
      3) социальная дезадаптация – нарушение взаимодействия личности с социальной средой;
      4) социальная депривация – ограничение и (или) лишение возможности самостоятельного удовлетворения лицом (семьей) основных жизненных потребностей.
      3. При оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации при бытовом насилии, действия совершенные в отношении лица, группируются по следующим блокам:
      блок 1 - физическое насилие;
      блок 2 - психологическое насилие;
      блок 3 - экономическое насилие;
      блок 4 - сексуальное насилие.
      4. При проведении оценки наличия жестокого обращения, по каждому блоку действий присваиваются баллы согласно приложению 1 к настоящим Критериям, по сумме которых определяется, относится ли лицо к числу пострадавших от жесткого обращения.
      5. Лицо признается пострадавшим от жестокого обращения в результате действий, связанных с бытовым насилием, если сумма баллов по одному из блоков составляет 5 и более баллов.
      6. При оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иных видов их эксплуатации, а также похищении людей, действия совершенные в отношении лица, группируются по следующим блокам:
      блок 1 - форма торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей;
      блок 2 - действия, совершенные в отношении лица;
      блок 3 - средства, использованные в отношении лица;
      блок 4 - цель торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей;
      блок 5 - причиненный вред лицу.
      7. При проведении оценки наличия жестокого обращения, по каждому блоку действий присваиваются баллы согласно приложению 2 к настоящим Критериям, по сумме которых определяется, относится ли лицо к числу пострадавших от жесткого обращения.
      8. Лицо признается пострадавшим от жестокого обращения в результате действий, связанных с торговлей людьми, иными видами их эксплуатации, а также похищением людей, если сумма баллов по каждому блоку составляет 5 и более баллов, с общим результатом 25 и более баллов.
      Несовершеннолетнее лицо признается пострадавшим от жестокого обращения в результате действий, связанных с торговлей несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищением, если сумма баллов по каждому блоку составляет 5 и более баллов, с общим результатом 20 и более баллов, за исключением блока 3 (средства, использованные в отношении субъекта).
 


Приложение 1
к Критериям оценки
наличия жестокого
обращения, приведшего
к социальной дезадаптации
и социальной депривации

Присвоение баллов при оценке наличия жестокого обращения, приведшего
к социальной дезадаптации и социальной депривации при бытовом насилии
 


п/п

Перечень критериев
для оценки наличия
жестокого обращения
при бытовом насилии

Предельные показатели для оценки наличия жестокого обращения
при бытовом насилии

1

Физическое насилие

1.1

Нанесение побоев или совершение иных насильственных действий, причинивших физическую боль

3 балла

1.2

Нецензурная брань, оскорбительное приставание, унижение, повреждение предметов домашнего обихода и другие действия, выражающие неуважение к гражданам, состоящим с правонарушителем в семейно-бытовых отношениях, нарушающие их спокойствие, совершенные в пределах индивидуального жилого дома или квартиры

2 балла

1.3

Причинение физических или психических страданий путем систематического нанесения побоев или иными насильственными действиями

5 баллов

1.4

Умышленное причинение, не опасного для жизни человека и средней тяжести вреда здоровью не повлекшего последствий, но вызвавшее длительное расстройство здоровья

5 баллов

1.5

Умышленное причинение тяжкого вреда здоровью, опасного для жизни человека или причинение тяжкого вреда повлекшего за собой потерю зрения, речи, слуха или какого-либо органа либо утрату органом его функций, или выразившегося в неизгладимом обезображивании лица, а также причинение иного вреда здоровью, опасного для жизни или вызвавшего расстройство здоровья, либо повлекшее за собой прерывание беременности, психическое расстройство, заболевание наркоманией или токсикоманией

5 баллов

2

Психологическое насилие

2.1

Грубость, издевательства, оскорбление, угроза, шантаж, преследование и другое действие (бездействие), вызывающее отрицательную эмоциональную реакцию человека и душевную боль

3 балла

2.2

Доведение лица до самоубийства или до покушения на самоубийство путем угроз, жестокого обращения или систематического унижения человеческого достоинства потерпевшего

5 баллов

2.3

Угроза убийством или причинением тяжкого вреда здоровью, а равно иным тяжким насилием над личностью либо уничтожением имущества поджогом, взрывом или иным общеопасным способом при наличии достаточных оснований опасаться приведения этой угрозы в исполнение

5 баллов

3

Экономическое насилие

3.1

Лишение документов, удостоверяющих личность, устанавливающих право собственности, на совершение действий

3 балла

3.2

Лишение денежных средств, необходимых для жизнедеятельности

2 балла

3.3

Лишение жилья

5 баллов

3.4

Лишение пищи, необходимой для жизнедеятельности

4 балла

3.5

Лишение одежды, необходимой для жизнедеятельности

3 балла

4

Сексуальное насилие

4.1

Изнасилование, то есть половое сношение с применением насилия или с угрозой его применения к потерпевшей или к другим лицам либо с использованием беспомощного состояния потерпевшей

5 баллов

4.2

Совершение развратных действий без применения насилия в отношении лица, заведомо не достигшего четырнадцатилетнего возраста

5 баллов

4.3

Понуждение лица к половому сношению, мужеложству, лесбиянству или совершению иных действий сексуального характера

5 баллов



Приложение 2
к Критериям оценки
наличия жестокого
обращения, приведшего
к социальной дезадаптации
и социальной депривации

Присвоение баллов при оценке наличия жестокого обращения,
приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации
при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними,
иными видами их эксплуатации, а также похищении людей
 


п/п

Перечень критериев
для оценки наличия
жестокого обращения
при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

Предельные показатели для оценки наличия жестокого обращения при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

1.

Форма торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

1.1

Торговля людьми с целью сексуальной эксплуатации/ сексуальная эксплуатация

5 баллов

1.2

Торговля людьми с целью трудовой эксплуатации/ трудовая эксплуатация

5 баллов

1.3

Торговля несовершеннолетними детьми с целью незаконного усыновления/
удочерения

5 баллов

1.4

Торговля людьми с целью принуждения к занятию попрошайничеством/ принуждение к занятию попрошайничеством

5 баллов

1.5

Торговля людьми с целью незаконного изъятия органов и тканей человека

5 баллов

2.

Действия, совершенные в отношении субъекта

2.1

Купля-продажа, иные сделки (дарение, мена, обмен, аренда, оставление человека в качестве обеспечения выполнения обязательства по сделке, передача человека в целях получения каких-либо выгод неимущественного характера и другие)

5 баллов

2.2

Эксплуатация лица:
- использование виновным принудительного труда, то есть любой работы или службы, требуемой от лица путем применения насилия или угрозы его применения, для выполнения которой это лицо не предложило добровольно своих услуг, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан;
- использование виновным занятия проституцией другим лицом или иных оказываемых им услуг в целях присвоения полученных доходов, а равно принуждение лица к оказанию услуг сексуального характера без преследования виновным цели получения материальной выгоды;
- принуждение лица к занятию попрошайничеством, то есть к совершению антиобщественного деяния, связанного с выпрашиванием у других лиц денег и (или) иного имущества;
- иные действия, связанные с осуществлением виновным полномочий собственника в отношении лица, которое по не зависящим от него причинам не может отказаться от выполнения работ и (или) услуг для виновного и (или) другого лица.

5 баллов

2.3

Вербовка - достижение согласия потерпевшего на выполнение каких-либо работ или какой-либо деятельности, в том числе противоправной, если это связано с целью его эксплуатации.

5 баллов

2.4

Перевозка - совершаемые с целью эксплуатации человека умышленные действия по его перемещению из одного места в другое, в том числе в пределах одного и того же населенного пункта.

5 баллов

2.5

Передача - непосредственная передача потерпевшего лицу для его эксплуатации.

5 баллов

2.6

Укрывательство - сокрытие потерпевшего от правоохранительных органов, родственников и других лиц (например, утаивание в специальных помещениях, недопущение выхода за ту или иную территорию, медикаментозное подавление физической или психической активности)

5 баллов

2.7

Получение - непосредственное получение лица для его эксплуатации или дальнейшей передачи

5 баллов

2.8

Похищение с целью эксплуатации

5 баллов

2.9

Незаконное лишение свободы с целью эксплуатации

5 баллов

3

Средства, использованные в отношении субъекта

3.1

Применение насилия, опасного для жизни и здоровья или угроза его применения

5 баллов

3.2

Применение оружия или предметов, используемых в качестве оружия

5 баллов

3.3

Обман или злоупотребление доверием

5 баллов

3.4

Использование своего служебного положения

5 баллов

3.5

Использование материальной или иной зависимости

5 баллов

3.6

Использование психического расстройства или беспомощного состояния

5 баллов

3.7

Изъятие, сокрытие либо уничтожение документов, удостоверяющих личность

5 баллов

4

Цель торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

4.1

Получение выгоды имущественного характера

5 баллов

4.2

Получение выгоды неимущественного характера

5 баллов

5

Причиненный вред субъекту

5.1

Нанесены побои или иные насильственные действия,
причинившие физическую боль, но не повлекшие последствий

5 баллов

5.2

Причинены физические или психические страдания в результате систематического нанесения побоев или иных насильственных действий

5 баллов

5.3

Причинен не опасный для жизни человека вред здоровью, вызвавший длительное расстройство здоровья

5 баллов

5.4

Причинен опасный для жизни человека вред здоровью, повлекший за собой потерю зрения, речи, слуха или какого-либо органа, либо утрату органом его функций, или выразившийся в неизгладимом обезображивании лица, а также причинен иной вред здоровью, вызвавший расстройство здоровья, либо повлекшее за собой прерывание беременности, психическое расстройство, заболевание наркоманией или токсикоманией

5 баллов