Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 ақпанда № 10227 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының және оқу орындарының бастықтары:

      1) жеке құраммен жауынгерлік және қызметтік даярлық жүйесінде осы Нұсқаулықты кейіннен сынақтар қабылдай отырып зерделеуді ұйымдастырсын;

      2) ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерінің және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің Нұсқаулық талаптарын орындауын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз өнімдерінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz. интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа, Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығына (Р.Ф. Жақсылықов), Әкімшілік полиция (И.В. Лепеха), Қылмыстық-атқару жүйесі (Б.М. Бердалин) және Төтенше жағдайлар (В.В. Петров) комитеттеріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 971 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) жеке құрамының патрульдік-бекеттік қызметті өткеру кезінде қоршаған ортаны, азаматтардың және ІІО қызметкерлірінің әрекеттерін тіркеу, сотталғандардың және қамауға алынған адамдардың тарапынан заң бұзушылықтарды тіркеу, тексерістер және басқа да бақылау нысандарын, оның ішінде көші-қон (бұдан әрі – қызметтік міндеттерді орындау) жүргізу үшін, тексерістер және өзге де бақылау нысандарын, оның ішінде көші-қон (бұдан әрі – қызметтік міндеттерді орындау), сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізу кезінде аудиобейнетіркеу техникалық тіркеу құралдарын пайдалануын айқындайды.

      2. Портативті алып жүретін бейнетіркегішті және цифрлық аудиобейнежазба мобильдік жүйелерін қолданудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Жол жүрісі туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сотталғандардың және қамауға алынған адамдардың мінез-құлқына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

      3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) портативті алып жүретін бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – бұл ІІО қызметкері аудиобейнежазбаны жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрылғы;

      2) ІІО қызметкері – бұл полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, Ұлттық ұлан (бұдан әрі - ҰҰ) әскери қызметшілері;

      3) ІІО бөлінісі – бұл полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің, азаматтық қорғау органдарының бөліністері;

      4) цифрлық аудиобейнежазбаның мобильдік жүйесі (бұдан әрі – мобильдік бейнетіркегіш) – арнайы контингентті этаптауға арналған қызметтік, арнайы автокөлік және арнайы вагондарда аудиобейнежазбаларды жүзеге асыру үшін арналған техникалық құрылғы.

      5) радар – бұл көлік құралдары қозғалысының жылдамдығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қауылысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды бейнетіркеуді бақылауға арналған бейнетіркегіші бар жылдамдықты өлшеуіш.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бейнежетон және мобильдік бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнетіркегіштер) құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде сапалы айғақтық базаны жинақтауды қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны, азаматтардың, сотталғандардың және қамауға алынған адамдардың іс-қимылдарына, қызметтік міндеттерін орындау, профилактикалық іс-шаралар және арнайы операция кезеңінде ІІО қызметкерлерінің іс-қимылы процесіне аудиобейнежазбаны жүзеге асыру үшін арналған.

      5. Бейнетіркегіштермен қызметтік міндеттерді орындау, профилактикалық іс-шаралар мен арнайы операциялар өткізу кезінде ІІО-ның қызметкерлері қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қызметтік, арнайы автокөлік және вагондар жабдықталады.

      6. Бейнетіркегіштердің, радарлардың, басқару серверінің, деректерді сақтауға арналған желілік жинаушылардың техникалық сипаттамалары ІІМ-нің Техникалық қызмет департаментімен келісіледі. Бейнежетондарды және мобильдік бейнетіркегіштерді сатып алу осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға және 1-1-қосымшаға сәйкес аудиобейнетіркеудің ең төменгі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Аудиобейнетіркеуіштің деректерін беру, есепке алу және сақтау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. ІІО бөлінісінің (ҰҰ әскери бөлімінің) басшысы жазба күні мен уақытын өзгертуге, бейнеге рұқсатты, жазбаларды бейнетіркегіштен файлдарды жоюды, көшіруді, қабылдауды, шығаруды және сақтауды, сондай-ақ жазылған жазбаларды қарауды және талдауды жүргізетін жауапты адамды тағайындайды. Бұл ретте, деректерді сақтау серверіне арнайы пароль қойылады, оны жауапты адам және ІІО бөлінісінің (ҰҰ-ның әскери бөлімінің) басшысы (командир) ғана біледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Әрбір бейнетіркегішке, радарға, оның ішінде мобильдік бейнетіркегіштің, радардың ақпарат тасымалдағышына (бұдан әрі – есте сақтау картасы) құрылғыны беру, қабылдау және ақпараттық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бейнежетондар ІІО бөліністерінде (ҰҰ әскери бөлімдерінде) жауапты адамда сақталады және ІІО қызметкеріне қызметтік міндеттерін орындауды бастағанға дейін осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес Бейнежетонды және мобильдік бейнетіркегіштің есте сақтау картасын беруді және тапсыруды есепке алу журналында қол қойып беріледі.

      9-1. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін пайдаланылатын радарлар осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес ең төменгі талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      Радарлар ІІО бөліністерінде жауапты адамда сақталады және осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес жол-патрульдік полициясы қызметкеріне қызметтік міндеттерін орындау басталардан бұрын радарды және радардың есте сақтау картасын, беру және тапсыруды есепке алу журналына қол қою арқылы беріледі.

      Ескерту. Бұйрық 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9-2. Жауапты адам бейнетіркегіштің және радардың алынатын есте сақтау карталарын орнатқаннан кейін көрсетілген ажыраманы мөрлейді.

      Ескерту. Бұйрық 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Бейнежетонды және мобильдік бейнетіркегіштің есте сақтау картасын, сондай-ақ радарды беруді және тапсыруды есепке алу журналы ІІО бөлінісінің (ҰҰ әскери бөлімінің) кеңсесінде тіркеледі, парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Есепке алу журналының соңғы бетінде: "Осы журналда нөмірленген, тігілген және мөрмен мөрленген барлығы ___ парақ" деген жазуды кеңсенің жауапты адамы жасайды. Журналдағы жазба шарикті қаламмен жүргізіледі. Жіберілген қателер дұрыс емес жазуларды сызу және жаңа жазбаны енгізу арқылы түзетіледі, ол туралы түзетуді жүргізген адамның қол қоюы арқылы ескертпе бағанына ескертпе жасалады. Корректормен түзетуге жол берілмейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қызметтік міндеттерді орындау, профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар кезеңінде ІІО қызметкерлері бейнетіркегіштің, радардың сақталуын қамтамасыз етеді және аяқталу бойынша жауапты адамға тапсырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мобильдік бейнетіркегіштер алынбайды және жауапты адамға тапсырылмайды, ұдайы негізде қызметтік, арнайы автокөлікте және вагонда болады. Жазбаларды түсіру кезінде тек есте сақтау картасы алынады немесе автоматты түрде түсіріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Деректерді сақтау серверіне түсіру бейнежетонды және радардың аккумуляторын зарядтау уақытында автоматтық режимде жүргізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жазбаларды сақтау мерзімі:

      қылмыстар бойынша – 5 жыл;

      әкімшілік құқық бұзушылықтар және тексеріс іс-шаралары бойынша – 3 жыл;

      қылмыс және құқық бұзушылықтар белгілері жоқ өзге де жағдайлар бойынша – 2 ай.

      15. Сервер бөлмесінде немесе кезекші бөлімде орнатылған деректерді сақтау серверіндегі ақпаратқа тек жауапты адамның және ІІО бөлінісі (ҰҰ әскери бөлімі) басшысының (командирінің) қолжетімділігі бар, бұл ретте сақтау серверіндегі деректерге (күні мен уақытты өзгерту) өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

      16. Айғақты базамен жазбалар қажет болған кезде кезінде сотқа немесе соттың сұрау салуы бойынша іс материалдарымен бірге жолданады.

3-тарау. Аудиобейнетіркеуді жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бейнежетон қызметтік міндеттерін орындау кезінде ІІО қызметкерінің іс-қимылына кедергі келтірмей, кеуде тұсына иық буынына жақын бекітіледі, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар және арнайы операцияларды өткізу кезінде арнайы бекітпеге немесе дулығаға бекітілу мүмкін.

      18. Мобильдік бейнетіркегіш қызметтік автокөлік салонының ішіне алдыңғы және соңы бөлігіне жол жабуын және салонның ішкі бөлігін кеңінен қамту үшін орнатылады, бұл ретте мобильдік бейнетіркегіш жүргізушінің шолуына кедергі жасауына жол берілмейді:

      1) қызметтік автокөлікте үш бейнекамера орнатылады, олар салонның алдыңғы (алдыңғы панель) және артқы әйнектің жоғары жағының төбе бөлігіне жүргізушінің шолу аймағын төмендетпей орнатылады. Бұл ретте автомобильдің қозғалысы кезінде селкілдеуден және дірілдеуден бейнекамераны төменнен ұстауға мүмкіндік беретін әйнекте, сондай-ақ автомобиль әйнегінің иілгіш бұрышына сәйкес келетін бейімделумен бекіту тұтастығын бұзусыз бейнекамераны алу және қайта орнату мүмкіндігі жоқ қосымша бекітпе болуы тиіс;

      2) екі бейнекамера алдыңғы бөлігінде, олар бірыңғай пластик корпусына бірлесіп жиналу тиіс, салонда және автокөлік алдында жағдайды бақылау үшін сөндірілетін инфрақызыл көмескі жарық беруі бар түсті курстық бейнекамералар;

      3) үшінші бейнекамера автокөліктің артында жағдайды бақылау үшін жеке түсті курстық бейнекамерадан тұратын, сөндірілетін инфрақызыл көмескі жарық беруі бар микрофоннан, жүйелер жұмыс режимдерінің бейнелеу құрылғысынан, бейнекамералар жұмысы режимдерін басқару түймелерінен тұратын дара түсті курстың бейнекамерадан артқы әйнекке орналастырылуы тиіс.

      19. Арнайы автокөлікте мобильдік бейнекамералар (антивандальды қорғаныспен не оларды қорғаныс корпусына орналастыру) ішкі және сыртқы жағынан, айдауылдағы адамдарды және сыртқы жақтағы жағдайды бақылау үшін:

      1) екі бейнекамера алдыңғы бөлігінде, олар бірыңғай пластик корпусына бірлесіп жиналуы тиіс, салонда және автокөлік алдында жағдайды бақылау үшін сөндірілетін инфрақызыл көмескі жарық беру бар түсті курстық бейнекамералар, бұл ретте мобильдік бейнетіркегіш жүргізушінің шолуына кедергі келтірмеуі тиіс;

      2) арнайы контингентті ұстауға арналған камераларға қарсы қарауыл орналасатын қорап дәлізінде;

      3) оларды алу мүмкіндігін көздейтін бекітпемен жағдайды сыртқы жағынан және алмастыру пунктерінде айдауылдайтын адамдардың алмастыруды өткізуді бақылау үшін қораптың сыртқы жағынан кірерберіс есіктердің үстінен, сондай-ақ автокөліктің артқы жағындағы жағдайды бақылау үшін қорапта орнатылады.

      20. Арнайы вагондағы бейнекамералар (антивандальды қорғаныспен не оларды қорғаныс корпусына орналастыру):

      1) үлкен және қызметтік дәліздің есіктерінің үстіне;

      2) айдауылдалатын адамдарға арналған әрбір камераға қарсы (бөлігі), кірерберіс бүйір есіктеріне қарсы тамбурда;

      3) қарауылдың және қарауыл бастығының купесінде;

      4) оларды алу мүмкіндігін көздейтін бекітпемен жағдайды сыртқы жағынан және алмасу пунктерінде айдауылдайтын адамдардың алмасуын өткізуді бақылау үшін вагонның сыртқы жағынан кірерберіс есіктердің үстінен орнатылады.

      21. Қызметтік автокөлікте, арнайы автокөлікте және вагонда, сондай-ақ ІІО қызметкерінің кеудесінде "Назар аударыңыз! Аудио және бейнежазба жүргізілуде" деген жазуы бар таблица (бейдж) орнатылады.

      22. Бейнетіркегішті қосу қызметтік міндетті немесе арнайы операцияларды орындау сәтінен бастап, ол аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі. Бұл ретте бейнетіркегішті қосу процесінде ІІО қызметкері орнатылған құрылғы уақытының дәлдігіне көз жеткізеді.

      23. Аудиобейнежазбаны жүргізу процесінде ІІО қызметкерінің де, құқық бұзушының да барлық іс-қимылдарына, оның ішінде материалдарды толтыруға және құқық бұзушыны ІІО-ға жеткізуге, сондай-ақ борттық журналда немесе қызметтік кітапшада тиісті жазба жүргізе отырып, "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 10 қбпү бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13410 тіркелген) көлік құралдарын тоқтатуға тіркеу жүргізіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Бейнетіркегіштегі, есте сақтау картасындағы және радардағы бар жазбаны өз бетімен жоюға, сондай-ақ бейнетіркегішті өз бетімен ажыратуға және аудиобейнежазбаны жүргізуге кедергі келтіруге жол берілмейді, жол берген заң бұзушылық үшін ІІО қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Демалу, тамақтану жағдайында ІІО қызметкері аудиобейнежазбаны жүргізуді тек кезекшінің немесе тікелей басшысының (командирінің) рұқсаты бойынша тоқтата алады, кейіннен бейнежетонды және мобильдік бейнетіркегіштің есте сақтау картасын беруді және тапсыруды есепке алу журналына тиісті жазбаларды енгізеді.

      26. Ақау немесе аккумулятор батериясы бәсеңдеген кезде кейіннен бейнежетонды және мобильдік бейнетіркегіштің есте сақтау картасын беруді және тапсыруды есепке алу журналына тиісті жазба енгізе отырып, кезекшіге немесе тікелей басшысына (командиріне) дереу баяндайды.

      Бұл ретте, кезекші немесе тікелей басшы (командир) жауапты адамды мүмкін болған жағдайда кейіннен ақаулардың себептерін жоя отырып, осы фактіні тексеру үшін жібереді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Бейнетіркегішті және ақпараттарды пайдакүнемдік немесе қызметтік жұмыспен байланысты емес өзге де мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      28. ІІО қызметкері бейнетіркегішке, радарға ұқыптап қарауға, оның жоғалуына, бүлінуіне жол бермеуге, басқа адамдарға бермеуге міндетті, көрсетілген ең төменгі талаптарды бұзған жағдайда толық материалдық жауапкершілікте болады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
қызметкерлерінің іс-қимылын
және қылмыстық және әкімшілік
құқық бұзушылық фактілерін тіркеу
үшін техникалық құралдарды
пайдалану нұсқаулығына 1-қосымша

Аудиобейнетіркеуге ең төменгі талаптар

      1. Бейнежетонның функционалдық ерекшеліктері:

      бейне/аудио жазба, бейне файлдарды ұсыну (қарау), "күндіз/түн" режимін автоматты қосу/сөндіру;

      салқыннан жылыға күрт ауысу кезінде жазбаны бұзусыз жүргізу

      (қысқы уақытта үй-жайға кірген кезде камераның булану әсерінен басқа);

      ауысымда бейнежетонмен жүргізілетін барлық функциялардың,

      іс-қимылдардың (қосу, сөндіру, жаңғырту функциясы) тізімін қамтитын хаттаманы (оқиғаларды журналға тіркеу) қалыптастыру мүмкіндігі;

      ауыстырылатын екі аккумулятордың болуы – разряд туралы хабарлау (көзбен шолу немесе дыбыстық) функциясы бар әрқайсысының дербес жұмыс үшін кемі 8 сағат;

      бейнежетонның тіреу клипстері және қорғаныш қабы, сондай-ақ жүріс кезінде ауытқусыз жазбаны жүргізуге мүмкіндік беретін стабилизатордың болуы тиіс.

      2. Мобильдік бейнетіркегіштің функционалдық ерекшеліктері:

      бейне/аудио жазу, бейне файлдарды ұсыну (қарау), "күндіз/түн" режимін автоматты қосу/сөндіру;

      ауысымда мобильдік бейнетіркегішпен жүргізілетін барлық функциялардың, іс-қимылдардың (қосу, сөндіру, жаңғырту функциясы) тізімдерін қамтитын хаттаманы (оқиғаларды журналға тіркеу) қалыптастыру;

      онлайн режимінде қашықтан енудің мүмкіндігінің болуы.

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
қызметкерлерінің іс-қимылын
және қылмыстық және әкімшілік
құқық бұзушылық фактілерін тіркеу
үшін техникалық құралдарды
пайдалану нұсқаулығына 2-қосымша

      (нысан)

      Мұқабаның беткі жағы

Бейнежетон мен мобильдік бейнетіркегіштің есте сақтау
картасын беруді және тапсыруды есепке алу
журналы ____________________________________________________________________

      (бөлініс атауы)

      20 __ жылғы "___" __________ басталды

      20 __ жылғы "___" __________ аяқталды

      Мұқабаның ішкі жағы

р\с№

Бейнежетонның (мобильдік бейнетіркегіштің есте сақтау картасының) түгендеу нөмірі

Бейнежетонды пайдаланушының Т.А.Ә. (патрульдік автокөліктің борт нөмірі, қызметтік және арнайы автокөліктің мем.нөмірі, арнайы вагонның немесе рейстің нөмірі)

Күні және уақыты, алғаны туралы қол қою

Күні және уақыты, тапсырғаны туралы қол қою

Ақпаратты алу күні және уақыты

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7










  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
қызметкерлерінің әрекеттерін
және қылмыстық немесе
әкімшілік құқық
бұзушылықтардың жасалу
фактілерін тіркеу үшін
техникалық құралдарды
пайдалану нұсқаулығына
3-қосымша

Радарды және радардың есте сақтау картасын беруді және тапсыруды есепке алу журналы

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 21.06.2019 № 569 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Радарларға қойылатын негізгі функционалдық талаптар:

      Анықталған бұзушылықтарды Процессингтік орталықтарға кейіннен автоматты түрде бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеу;

      барлық көлік құралдарын тіркеу (жаппай бақылау);

      бөгде есте сақтау карталарын рұқсатсыз орнату мүмкіндігін болдырмау үшін құрылғыда есте сақтау картасын тіркеу;

      есте сақтау картасын фото-бейнежазбаларды рұқсатсыз жоюдан қорғау функциясы;

      шолу бейнені көрсету және жазу мүмкіндігі.

      2. Қалыптастырылатын фотоматериалдардың графикалық қолтаңбасына енгізілетін деректер:

      радардың атауы;

      радардың зауыттық нөмірі;

      оқиғаны тіркеу күні мен уақыты;

      тіркелетін оқиғаның типі;

      көлік құралдары қозғалысының бағыты;

      радарды орнату орнының координаттары;

      оқиғаны тіркеу орны туралы ақпарат;

      тексеру туралы куәліктің нөмірі мен жарамдылық мерзімі.


  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
қызметкерлерінің әрекеттерін
және қылмыстық және әкімшілік
құқық бұзушылықтардың
жасалу фактілерін тіркеу үшін
техникалық құралдарды
пайдалану нұсқаулығына
4-қосымша
  нысан

                                                      Мұқабаның сыртқы жағы

      Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2017 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бейнежетонды және мобильдік бейнетіркегішті есепке алу, беру және тапсыру журналы

      __________________________________________________________________________

                                          (бөлініс атауы)

                                          20 __ жылғы "___" __________ басталды

                                          20 __ жылғы "___" __________ аяқталды

                                                            Мұқабаның ішкі жағы

р/с №

Радардың мүкәммәл нөмірі

Радарды пайдаланушының Т.А.Ә (болған жағдайда, патрульдік автокөліктің борттық нөмірі, мем.нөмірі)

Күні және уақыты, алғаны туралы қолы

Күні және уақыты, тапсырғаны туралы қолы

Ақпаратты алу күні және уақыты

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады