2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда № 4113 болып тіркелді. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуірінде қала әкіміне хабарласын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваға және "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Сүндетовке жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады