Азаматтық қызметші болып табылатын және Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 3823 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 4185 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 6643 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 05.11.2018 № 6643 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 04.03.2016 № 901 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қ.Әлімовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі Е.Омаров
      КЕЛІСІЛДІ:
Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С.Шынтасова


Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 3823 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 04.03.2016 № 901 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ п/п

Лауазымдар атауы


Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:

1.

Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі

2.

Әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші

3.

Қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер

4.

Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер

5.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман


Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:

1.

Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімі

2.

Жалпы білім беретін, мектеп-балабақша кешенінің, қосымша білім беру ұйымдарының директоры (басшысы, меңгерушісі)

3.

Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі

4.

Шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында)

5.

Дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында)

6.

Алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы – ұйымдастырушысы

7.

Жалпы білім беретін мектептердің, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың (басшысының) ғылыми, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдімтемелік, бейіндік, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

8.

Оқу-консультация пунктінің меңгерушісі

9.

Лагерьдің (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы

10.

Білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер

11.

Кітапхана меңгерушісі, кітапханашы

12.

Педагог-психолог

13.

Әлеуметтік педагог

14.

Логопед мұғалімі

15.

Ұйымдастырушы педагог

16.

Қосымша білім педагогі

17.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог)

18.

Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында)

19.

Балалардың мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісі

20.

Оқу-тәрбие, оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы

21.

Медициналық бике

22.

Ем-дәм бикесі

23.

Аға тәлімгер, тәлімгер

24.

Хореогроф

25.

Зертханашы

26.

Көркемдік жетекші

27.

Компьютерлік бағдарламаларды қамтамасыз етуші маман 

28.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымы тәрбиешісінің көмекшісі


Мәдениет саласы мамандарының лауазымы:

1.

Директор

2.

Суретші безендіруші

3.

Музыка жетекшісі

4.

Көркемдік жеткші

5.

Әдіскер

6.

Хореограф

7.

Менеджер

8.

Балаларға арналған бұқаралық шараларды ұйымдастырушы әдіскер

9.

Дыбыс режиссері

10.

Концертмейстер

11.

Кітапхана филиалдарының меңгерушісі

12.

Кітапханашы

13.

Мәдени демалыс қызметі жөніндегі менеджер

14.

Халық шығармашылығы мен демалыс қызметі бөлімінің меңгерушісі

15.

Халық шығармашылығы мен демалыс қызметін дамыту жөніндегі әдіскер

16.

Балалармен жұмыс жасайтын әдіскер


Ветеринария саласы мамандарының лауазымдары:

1.

Ветеринарлық пункт меңгерушісі

2.

Ветеринарлық дәрігерлер

3.

Ветеринарлық санитарлар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады