2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 94 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 3840 болып тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – (Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 02-58 хаты)

     Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – (Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 12.01.2015 № 02-58 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағына, 28 бабының 13 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімді өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімді өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарулы күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азамттарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) «Байғанин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) Байғанин аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
      4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың басшылары әскерге шақырылушыларды «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Құлниязов) шақыру қорытындысы туралы 2014 жылдың 5 шілдесінде және 2015 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға және «Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Құлниязовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы:

А.Ерғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады